Еліміздегі сумен жабдықтау жүйелерінің өндіріс барысын автоматтандыру ұсынылды

2022 жылы еліміздегі қалаларда сумен жабдықтау қызметтері 98,4%-ға, сондай-ақ ауылды жерлерде 94,5%-ға қолжетімді болды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтып берді.Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Қазақстанның 9 өңірінде қала халқының сумен қамтамасыз етілу көрсеткіші 100%-ға жетіп отыр. «Сумен жабдықталу деңгейі төмен өңірлерге басым түрде қаражат бөлініп, бұл аталған бағыттағы жұмысты қарқындатумен бірге тиісті көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік беретінін айта кетейік», деді Марат Кәрімжанұлы. Ведомство басшысы айтқандай, таза сумен қамтамасыз етуде Жамбыл (91,9%) облысындағы қалалар мен Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында баяу динамика байқалып отыр. Бұл ретте биыл сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салып, жаңғырту жөніндегі 400-ден астам жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 280 млрд теңге бөлінгенін айта кеткен орынды. Осы арқылы жыл соңына дейін қалалардағы сумен қамтамасыз етілу көрсеткішін 98,8%-ға, ал ауылды елді мекендерде 96,3%-ға жеткізу көзделген. Сонымен қатар М.Қарабаев су тазарту жүйелерінің қауқарын арттырып, магистральды су құбырларын кеңейту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға да тоқталды. «Таза суды тарту бойынша кезеңдік жоспар әзірленіп, соған сәйкес барлық елді мекен қамтылатын болады. Әрбір қалалық және ауылды елді мекенге байланысты мониторинг жүргізіліп келеді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстары, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаж жұмыстарын іске асыру мәселелері бар», деді министр. Бұған қоса ҚР ИИДМ-нің басшысы су ресурстарын үнемдеу мақсатында сумен жабдықтау, суды бұру және оны тазартатын жүйелердің өндіріс процестерін автоматтандыруды ұсынды. Бұл арқылы су арналарының барлық кезеңінде қажетті ресурсты есепке алудың кешенді жұмысы жүргізілмек. «Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің гидромоделін құру үшін барлық өндіріс учаскесінде судың көлемін өлшейтін жабдықтарды орнату қажет. Өз кезегінде автоматтандыру ісі су арналарының алдағы уақыттағы шығындарын азайтуға, сондай-ақ тиімді даму моделін жолға қою арқылы су инфрақұрылымын салып, жаңғыртуға жұмсалатын мемлекеттік қаражатты үнемдеуге септеседі», деді М.Қарабаев.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті