Еліміздің 10 өңірінде өзен арнасынан тасуы мүмкін

"Қазгидромет" РМК су тасқыны бойынша негізгі болжамды жариялады. Қазақстанның жазық өзендерінде көктемгі су тасқыны ағынының күтілетін көлемі 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша гидрометеорологиялық бақылаулар мен өлшеулер деректері негізінде жасалды, деп хабарлайды Zakon.kz."Қазгидромет" РМК өңдеген NASA спутниктерінің ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) суреттеріне сүйенсек, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанның қарлы аумағы 72% болды. "Жауын-шашынның мөлшерін, қардағы су қорын, топырақтың күзгі ылғалдылығының көрсеткіштерін, топырақтың қату тереңдігін, сондай-ақ өзендердің мұз режимдерін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді", – делінген хабарламада. Қауіп жоғары аймақтар: Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Алматы және Жетісу облыстары. Орташа қауіпті: Павлодар, Атырау және Ұлытау облыстары. Қаупі төмен өңірлер: Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. "Қарағанды (Нұра өзенін қоспағанда), Ұлытау, Ақмола (Жабай өзенін қоспағанда), Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы ылғал қорының көлемі орташа көпжылдық мәндерден 13-44%-ға төмен. Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында орташа көпжылдық мәннен 37%-ға және 74%-ға жоғары",-дейді "Қазгидромет" РМК.Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта қар жинау процесі жалғасуда. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі топырақтың күзгі ылғалдану көрсеткіштері орташа көпжылдық мәндерден жоғары. Қарағанды, Ұлытау, Ақмола және Ақтөбе облыстарының өзендерінің бассейндеріндегі орташа көпжылдық мәндерден төмен.Топырақтың қату тереңдігі Ұлытау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау және Ақтөбе облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 5-тен 115 см-ге дейін жоғары. Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында өткен жылғы көрсеткіштерден орта есеппен 6-дан 35 см-ге дейін төмен.Наурыз, сәуір айларында метеостанциялардағы көпжылдық бақылауларға сәйкес тәулігіне бір айлық жауын-шашын мөлшері түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына алып келуі мүмкін.Консультативтік синоптикалық ауа-райы болжамына сәйкес, 2023 жылдың наурызында елдің басым бөлігінде күн райы негізінен жылы және жаңбырлы болуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Бұрынғы жұбайы денесін алуға кетті»: Динара Сәтжан әуе апатынан қаза тапқан Шаймерденова туралы айтты
«Ақтық демі үзілгенше адамдарды сабырға шақырды». Аман қалған жолаушы бортсерік туралы айтты
Бауыржан Исламхан «Ордабасымен» қош айтысты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды
Алматы - Өскемен тасжолында жүк көлігі аударып қалды
Олжас Бектенов көңіл айту кітабына жазба қалдырды
Зейнеткерлер ерекше балаларға шырша мерекесін ұйымдастырды