Еліміздің 10 өңірінде су тасқыны қаупі бар

Көктемде еліміздің 10 өңірінде су тасқыны қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлімдеді. Қазгидрометтің болжамынша, ақпан және наурыз айларының соңында республиканың оңтүстік-шығыс, солтүстік және орталық бөліктерінде мол жауын-шашын жауады. Онымен қоса, 500-ден астам гидротехникалық құрылыс құлаудың алдында тұр. Мәселені дереу қолға алмаса, адам шығыны болуы мүмкін дейді министр. Шыңғыс ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Олар бұзылған жағдайда да жергілікті құлақтандыру жүйелерінің болмауы адам шығынына әкеледі. Мұндай жағдай 2010 және 2014 жылдары Алматы және Қарағанды облыстарында болған. Елімізде 304 гидротехникалық құрылыс халықтың өміріне тікелей қауіп төндіреді, оның 216-сында немесе 71% жергілікті құлақтандыру жүйелері жоқ. Жауаптылар жылда тасқынға дайынбыз деп сендіреді. Сайып келгенде тұрғындар үй-жайсыз қалып, республикалық маңызды жолдар бұзылады. Салғырттыққа назар аударған Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуды өткізу форматын қайта қарауды тапсырды. Ал өңір әкімдіктері айтып келмейтін апаттың себептерін зерделеп, сапалы дайындықты қамтамасыз етуі тиіс. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Көлемді судың келетін күні алыс емес. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, арнайы және инженерлік техниканы шоғырландырып, бизнес техникасын резерв ретінде пайдалану туралы келісімге келуі керек, аса қауіпті учаскелер маңында қажетті материалдар қорын жинауы қажет. Көлік қатынасы үзіліп қалуы мүмкін елді мекендерді алдын ала айқындап, ондағы азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорын дайындаған жөн.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Демографияны көтеретін – жастар
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Медғат Өмірәлиев, актер, Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі: Режиссерді сырттан шақыруға мәжбүрміз
Әлемдік нарықта мұнай бағасы күрт өсті
Импорт алмастыру да инфляцияға тосқауыл
Қыста неліктен қайызғақ пайда болады? Дәрігер жауап берді
Ақтөбеде Амангелді Айталы тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды
Төрт қалада ауа ластанады
Демографияны көтеретін – жастар
“Болашақ“стипендиясына құжат қабылдау қашан басталады?
Тұңғыш инженердің үйі
Мұнар да мұнар, мұнар күн...
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 млн теңгені жымқырған
Ел құрамасы қылышпен семсерлесуден Тунистегі гран-при кезеңіне қатысады
«Қатты қысылдым»: Қазақ жігіті Италияда тырнақ әрлеп, табыс тауып жүр (ВИДЕО)
Сапалы спорт мамандары тапшы
Банктерден ескерту: 13 қаңтардан бастап жаңа стандарт іске қосылады
Тасқын алдындағы Атырау
Павлодардағы кітап көрмесі
Абай облысында түн ішінде монша өртенді
Қостанайда жас әйел екі күн бойы боранда адасып жүрген
Фристайлдан әлем кубогы өтеді
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді