Еліміздің 139 әскери қызметшісі Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясын орындауға барады. {КАМ 2} Бұл туралы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында мақұлданды. Қазақ әскерлері қашан және қайда аттанбақ? Қазақстандық бітімгерлердің өмірі сақтандырыла ма? Тілшіміз Бекболат Сатуов айтады.Бүгін қос палатаның бірлескен отырысында Қазақстан әскери қызметшілерін Біріккен ұлттар ұйымының бітімгерлік миссиясына жіберу туралы мәселе қозғалды. Айта кетейік, бұған дейін де арнайы операцияларға елімізден әскер жіберіліп отырған. Тек саусақпен санарлық еді. Мәселен, қазір Батыс Сахарада-6-ау, Орталық Африкада-2-еу және Ливанда 9 әскери қызметші қызметтерін абыройлы атқарып жүр. Ал енді, алдағы уақытта жалпы Біріккен ұлттар ұйымының миссиясына қатысатын әскерилер саны жалпы 430-ға дейін ұлғайтылмақ. Руслан ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ:Ұйым басшылығы офицерлердің жауынгерлік машығына баға беріп, ұйым миссиясында Қазақстан бітімгерінің санын ұлғайтуға дайын екенін білдірді. Бітімгершілік қызметті қолдау, жанжалды реттеу әлемдік қоғамдастық назарында екенін атап өткен жөн. Контингетті миссияға жіберу, халықаралық қауіпсіздікті нығатуға айтарлықтай үлес қосып, Қазақстанның жаһандық арендағы рөлін арттыруға ықпал етеді. Министрдің сөзіне қарағанда, бітімгерлік қызмет бір жылға созылады. Әскерилер наурыздың басында аттанады. Әрбіріне ай сайын бір жыл бойы 1000 доллардан аса қаржы төленеді. Ал әскер мен қару-жарақтарды тасымалдауға 8 млн доллар кетеді. Олжас ҚҰСАЙЫНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ:Голан биіктеріндегі миссияға жолданады. Ротаның саны 139 адам. Негізгі дислокациясы фауар деген жерде болады. Ротамыз тікелей миссияның қолбасшысына қарайды. Мысалы патрульдік, посттарды жасайды, медициналық қызмет, минадан тазалау операцияларын жасайды. Миссияға жіберілетін әскерилер қатарында 7 әйел бар. Келесі ротацияда әйелдер саны бұдан да көп болады деді, - қорғаныс министрі. Айтпақшы, бітімгерлік бөлімшелерге мерзімді қызметтегі әскерилер алынбайды. Оған тек келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген әскерилер мен офицерлік құрамы кіреді.