Еліміздің барлық ХҚКО-сында жаппай тексеріс жүргізіліп жатыр

Еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-сында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізілуде, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында Агенттік, Цифрлық даму министрлігі және "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті. Тараптар жүк көліктері мен автобустарды есепке заңсыз қою жағдайларының жиілеп кету фактілерінің алдын алу шараларын талқылады. Кездесу барысында бүгінгі таңда алаяқтар қолданған 4 негізгі схема анықталғаны атап өтілді. ҚМА төрағасының орынбасары Қайрат Бижанов мұндай кездесулер алдағы уақытта мұндай заң бұзушылықтарға қарсы тұрудың бірлескен тетіктерін әзірлеу мақсатында өткізіліп жатқанын атап өтті. "Қылмыстық жауапкершілік шаралары ғана мәселені шеше алмайды. Болашақта мұндай оқиғалардың алдын алу үшін барлық мүдделі тарапты тыңдау қажет. Біздің басты міндетіміз – алдын алу шараларын жүргізу", - деді Бижанов. Цифрландыру вице-министрі Асқар Жанбакин өз кезегінде ақпараттық жүйелердің толық интеграциясы жүргізілгенін хабарлады. Бұл VIN енгізу кезінде авто туралы барлық деректі автоматты түрде ақпараттық жүйеден тартуға және төленуге жататын алымдар мен төлемдерді есептеуге мүмкіндік береді. Жүйені жаңарту ХҚКО қызметкерлерінің автокөлік туралы деректерді "қолмен" енгізуге жол бермейді. Айта кетейік, 2023 жылдың тамыз айынан бастап ҚМА 23 қылмыстық іс тіркеді. Аталған істер бойынша 3 мыңға жуық автокөлік өтуде. Мемлекетке келтірілген залал 14 млрд теңгеден асты. Тараптар осындай құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың өзекті тетіктерін әзірлеу үшін осы бағытта одан әрі бірлесіп жұмыс істеу туралы уағдаласты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шиналардағы жазулардың мағынасы қандай?
Су ресурстары министрлігі стратегиялық нысандар тізімін кеңейтеді
Темір жол машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірістегі оқшаулау үлесін арттыру жоспарларын талқылады
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады