Еліміздің барлық өңірінде «Ізгілік аптасы» өтіп жатыр. Жамбылдық жастар да акцияға атсалысты. Еріктілер жалғызбасты қариялар мен ардагерлерге көмек көрсетіп, аулаларын қардан тазартты. «Жастар Рухы» Жастар қанатының волонтерлері «Кел, шәй ішейік» акциясын да ұйымдастырды. Коммуналдық сала қызметкерлеріне ыстық шәй мен тәтті тоқаш таратты. Белсенділер облыс бойынша 20 іс-шара өткізген. Ал қала бойынша онға жуық қартқа көмек қолын созды. Назира ҚОЙБАҚОВА, АРДАГЕР: Осы ел жұрттың арқасында, үш ұлым қайтыс болғанан кейін қатты ауырып, екі рет жүрегіме ота жасап, өмір сүргімде келмей кетіп еді. Қарақтарым сендер мені өмірге оралттыңдар қайтадан. Еліміздің келешек ұрпақтары осындай ақылды, мейірімді болғанына өте қуанамын. Көп-көп рақмет! Ерғали Әбуғали, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгін міне "Ардагерлерді ардақтайық" акциясы аясында жалғызілікті қарт кісілере, тыл еңбеккерлеріне, соғыс ардагерлерінің үйіне келіп осындай қардан тазалау көпек жұмыстарын жасап жатырмыз. Бұл -Қазақстанның барлық жиырма өңірінде іске асып жатқан жоба.