«Еліміздің бірнеше өңірінде су тасқынының жаңа кезеңі басталады»,- Үкімет басшысы

Елімізде су тасқыны басталғалы 16 мыңға жуық адам құтқарылып, эвакуацияланды. Ал 1400 үй су астында қалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында айтылды. Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр су шайған үйлер қауіпсіз жерлерде салынатынын жеткізді. Ол үшін арнайы жұмыс тобы құрылған. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауқымды тасқынға алып келген себептерді анықтап, қалыптасқан жағдайға толық талдау жүргізуді тапсырды. Еліміздегі биылғы су тасқыны бұрын-соңды болмаған деңгейге жеткен. Аймақтарда авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда. Ал айналадағы аласапыранға қарамастан үй-жайларын тастап кеткісі келмейтін тұрғындардың әрекеті эвакуациялау жұмыстарын қиындатып жатыр. Премьер-министр су тасқынының ауыр зардаптарына сенгісі жоқ азаматтарға үндеу жасады. Олжас БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Қазақстандықтарды әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламаларына ерекше мән беріп, олардың нұсқауларын орындауларын сұраймын. Бұл адам өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Эвакуациялау – бірінші кезекте қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондықтан құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керек. Олар сіздер үшін тер төгуде. Бүгінде еліміздің батыс өңірлерінде судың шамалы төмендеуі байқалады. Ал орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде өзендер деңгейі қарқынды өсуде. Су тасқыны кезінен бастап құтқарылған 16 мыңға жуық адамның 6 мыңы – бала. Бүгінде уақытша орналастыру пунктілеріне 4 мың адам орналастырылған. Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министр су шайып кеткен үйлер алдағы уақытта қауіпсіз жерлерге салынатынын жеткізді. Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Әкімдіктердің мәліметінше, су тасқынының алдын алуға және оған қарсы күресуге 3 млрд теңгеден аса қаржысы бөлінген. Бұл қаражат жергілікті атқарушы биліктің бюджетінде қарастырылған. Бүгінгі таңда мемлекеттік деңгейдегі жұмыс тобы құрылды. Әкімдіктер де сондай комиссия тобын жасақтады. Олар зерттеу жұмыстары мен қажетті талдау жүргізетін болады. Тасқын кезеңінің басында республикалық меншіктегі 94 су қоймасында тасқын суларын қабылдау және оларды өткізу үшін бос резервуарлар құрылды. Барлық су шаруашылығы нысандарында судың жағдайы тәулік бойы бақылануда. Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: 1 наурызда су қоймаларының орташа бос сыйымдылығы 60 пайызды құрады. Наурыз айының үшінші онкүндігінде қосымша бос өткізу қабілетін қамтамасыз ету үшін су қоймаларынан 400 млн текше метрден астам су жіберілді. 1 сәуірдегі жағдай бойынша су қоймаларында екі текше шақырымнан астам суды қабылдауға бос теңгерім бар. Республикалық маңызы бар жолдарда 66 су тасу оқиғасы тіркелді. Бұдан бөлек Абай, Қостанай, Атырау қалаларында 4 көпірді су шайды. Қазір 50 елді мекен көлік қатынасынсыз қалып отыр. Марат ҚАРАБАЕВ, ҚР КӨЛІК МИНИСТРІ: Мына тіркелген фактілер – бұлардың көбі қазір бізде республикалық жолдарда жөндеу немесе реконструкция жүргізіліп жатқан жолдар болып есептеледі. Яғни, ол жолдар әлі де аяқталмаған жолдар. Өзінің бөлінген қаржы шеңберінде қайта қалпына келтірілетін болады. Су тасқынының салдарын жою бойынша іс-шаралар жалғасып жатыр. Бүгінде су басу аймағында 5 облыс қалып отыр. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында күрделі жағдай сақталуда. Алдағы күндерге жасалған болжам бойынша ауа райы айтарлықтай жылынады. Демек еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде су тасқынының жаңа белсенді кезеңі басталмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескерілетін болады
Қостанай облысында құтқарушылар жойқын жарылыстың алдын алды
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті
Nature Human Behaviour: Интернет қарт адамдарға оң әсер етеді
2025 жылы әлемдегі аштықпен күресуге 17 миллиард доллар қажет
Итальяндық радиостанция апта сайын Димаш Құдайбергенге хабар арнайды
Галактикалардың соқтығысуынан туындаған дыбыс толқыны Жерге жетті
Мектепте ұялы телефон қолдануға шектеу енгізген елдер қатары артып келеді
Адамның мінезі оның ғұмырының ұзақтығына әсер етеді
Белгілі «Яшлык» ансамблі 50 жылдық мерейтойын атап өтті
Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (ВИДЕО)
Қазақстанда ең арзан пәтерлер қай қалада?
Абай облысында 15 тонна шөп өртеніп кетті
Жылыту маусымы: Шымкентте қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Павлодарда он күн бұрын жоғалған әйел табылды
Серік Сәпиев Қарағанды облысының спорт басқармасын басқарады
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
Қазнетте ашуға мінген бұланның аңшыға шабуыл жасаған сәті түсірілген видео тарады
Астанада бірнеше жойғыш ұшақтың ұшқан сәті видеоға түсіп қалды: 24 қараша 2024, 17:47 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтіп жатыр
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Қарулы күштерде әскери ант қабылдау рәсімдері өтуде