Қазақстан Ұлттық допингке қарсы орталығы Саматәлі Төлтаев пен Серік Абзалды шеттетілген спортшылар тізіміне қосты. Бұл туралы stan.kz басылымы хабарлады.Құраманың 1 нөмірі Саматәлі Толтаев анаболикалық стероидты қолданғаны анықталса, Серік Абзал метастеронды қолданғаны белгілі болды. Саматәлі Толтаев 2026 жылдың наурыз айының соңына дейін, Серік Абзал 2026 жылдың 7 сәуіріне дейін шеттетілді.