Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек

Еліміздің көлік нарығына Қытайдың тағы 15 автомобиль бренді кірмек. Қазірдің өзінде аспан асты елінің көліктеріне сұраныс жоғары. Бұған тұтынушыларға жасаған жағдай мен бағаның қол жетімділігі себеп дейді мамандар. Жаңа брендтер нарыққа қалай әсер етеді? Осы және өзге ақпараттар "Экономика" топтамасында. Елімізде қонақ үй қызметіне сұраныс артып келеді. Бірінші тоқсанда 1миллион 700 мың адам қонақ үйге тұрақтаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 140 мыңға артық. Келушілердің 1 жарым миллионы -қазақстандықтар. Ал шетелдіктер тарапынан сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 223 мыңға төмендеген. Ең көп Алматы қаласында қызмет көрсетілген. Қонақ үйге тұрақтағандар саны- 473 мың. Астанада 294 мың, Шымкентте 112 мың. Ал қонақ үйлердің табысы 1 жылда 18 процентке артып, 50 млрд теңгеден асқан. Бұл ретте бағаның көтерілуі де айтарлықтай әсер етті дейді мамандар.Қазір жаңа темір тұлпар тізгіндейтіндердің таңдауы аспан асты елінің өніміне түседі. Ресми дилерлер саудалаған әрбір төртінші машина – қытайлық бренд. Алдыңғы орында Chery, Haval мен Jac автокөліктері тұр. Былтыр Қытайдан Қазақстанға 869 млн долларға 55 мың көлік әкелінген. Жалпы, көрші ел автокөліктерінің әлемдік нарыққа шығуы соңғы төрт жылда 9 млрд доллардан 78 млрд-қа дейін артқан. Алдағы уақытта Қазақстан нарығына тағы он бес шақты қытайлық көлік бренді кірмек ниетте. Бұл дегеніміз — Автомобиль дилерлері арасында үлкен тартыс пен бәсекелестік болатынын білдірсе керек. Елімізде соңғы 4 жылда жол салуға, жөндеуге, күтіп ұстауға 1,9 трлн теңге бөлінген. Бірақ республикалық маңызы бар жолдардың 72 пайызы ғана қанағаттанарлық жағдайда. Еліміздің бас аудиторының айтуынша, жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеуді және сараптама жасауды талап етпейтін орташа жөндеу жобалары жолдардың жай-күйінің нашарлауына әсер етіп жатыр. Бақылау болмаған соң мердігер өз жұмысын сапасыз істейді. Сондай-ақ, асфальттың тақтайдай тегіс болмауы жүк көліктеріне де байланысты. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ЖОҒАРЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Жолдың бұзылуына бірінші кезекте рұқсат етілген массадан асатын, ауыр салмақты көлік құралдарының жүруі әсер етеді. Автоматтандырылған өлшеу стансылары ереже бұзы фактілерін толық көлемде дұрыс рәсімдеп отырған жоқ. Жалпыға ортақ пайдаланатын жолдарда ауыр салмақты көліктердің жүруіне қатаң тыйым салу керек. Валюта бағамына тоқталайық. Қор нарығында доллар бүгін 450,94теңге, Еуро - 484,61теңге, Ресей рублі - 5,06теңге болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жүрегім бос»: Қуат Хамитов қандай жар іздеп жүргенін айтып берді
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Елена Рыбакина Дубайдағы әлемдік турнирде жеңімпаз атанды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді