Елімізге 24,6 млн дана гүл әкелінді

Қазақстанға жыл басынан бері 24,6 млн дана гүл әкелінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға салмағы 1 341 тонна гүл немесе 24,6 млн дана гүл талы әкелінген. Ақпан айының жедел ақпаратына сәйкес, оның құны 9,5 млн АҚШ долларына тең. Сұранысы ең жоғары – раушан гүлдері: салмағы 799 тонна немесе 18 млн дана гүл талы әкелінген, құны – 5,8 млн АҚШ долларына жуық. Екінші орында – хризантемалар (салмағы – 134 тонна немесе 2,4 млн дана гүл талы, құны – 1,3 млн АҚШ доллары), үшінші орында – қалампыр (салмағы – 31 тонна немесе 922,7 мың дана гүл талы, құны – 161 мың АҚШ доллары). Сонымен қатар, лалагүл де жоғары сұранысқа ие, оның 35 тоннасы 192 мың АҚШ долларына әкелінген. Басқа да жаңа кесілген 376,8 тонна гүл (қызғалдақ, hydrangeas, линолиум, гипсофила, финикс, ирис, гортензия және т.б. экзотикалық гүлдер) 2,2 млн АҚШ долларына әкелінген. Биыл гүлдер негізінен Эквадор (769 тонна), Нидерланды (268 тонна), Колумбия (137 тонна), Кения (108 тонна), Израиль (16 тонна), Өзбекстан (14 тонна), Қытай (13 тонна) және Түркия (6 тонна) елдерінен әкелінген. Өткен жылы да раушан гүлдері жоғары сұраныста болған. Жалпы, 2022 жылы Қазақстанға 46,7 млн АҚШ долларына 6 690 тонна гүл әкелінген. Сондай-ақ, өткен жылы қазақстандық раушан Өзбекстанда сұранысқа ие болып, 94 мың АҚШ долларына 25 тонна гүл экспортталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Көшпелі жиын өтті
100-ге жуық шетелдік такси жүргізушісі елден шығарылды
«Жайлы мектеп» құрылысы – партия бақылауында
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады