Мереке қарсаңында гүл саудасы қызып жатыр. Бағасы да біршама қымбаттаған. Алайда жұрт оған қарап жатқан жоқ. Сатып алушы көп. Мамандардың айтуынша, елімізде тауар айналымы едәуір өскен. Өткен жылы ол 46 миллион АҚШ долларына жетті дейді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда едәуір жоғары.Бекболат САТУОВ, ТІЛШІ: Көктемнің шуақты мерекесінде барша нәзік жандылардың құшағы гүлге толады. Қазір барлық жерде гүл саудасы қызып тұр. Бағасы да қымбаттайтын сәт. Көрейік. Бағаның өскенін сатушылар да жасырмайды. Негізі екі жағдайда құны артатыны түсінікті. Сұраныстың көп болса немесе тауардың өзіндік құны қымбат келсе. Бірақ гүл сатушылар нақты себебін айтпады. САТУШЫ: Былтыр розаның бағасы кішкене төмендеу болды иә. Мың теңгеніңде розалары болды. Бірақ олардың бойлары да төмен болды да. Бірақ жыл сайын өзгеріс бар. Өте білінеді. Деседе қанша қымбаттасада, гүл сатып алушылардың қарасы көп. Барлығы гүл дүкендерін жағалап, мерекелік сыйлық жасауға асығып жүр. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бірінші анама, одан кейін әйеліме жыл сайын гүл сыйлаймыз, тағыда басқа подаркалар сыйлаймыз. - Көбінесе анама және әпкелеріме, екі әпкем бар осында тұрады. Осыларға берем. - Біріншіден анамағой, одан кейін апайларыма, мұғалімдеріме сыйлаймын. Ал жауапты министрлік өкілі елде гүл бизнесінің даму қарқыны жоғары екендігін жеткізді. Елге көбіне раушан, лала, орхидея гүлдері импортталады дейді. Әлия ӘБДІРАХМАНОВА, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: 2022 жылы келісілген бүршіктердің тауар айналымы 48,8 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 9,7 пайызға жоғары. Өз кезегінде Қазақстаннан экспортталатын гүлдердің де көрсеткіші артқан. Мәселен, былтыр экспорт 10,%-ға өсіп, 2,7 млн АҚШ долларына жеткен.