Тек Қазақстан емес, қазір әлемде эпидахуал күрделі. Короновирус жұқтырғандар да күрт көбейді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, соңғы аптада Польша, Чехия, Болгария, Латвия және Литва елдерінде Covid-19-бен ауырғандар саны артқан. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетперде киіп, вакцина алуға шақырады. Жергілікті дәрігерлер де сақтық шараларына ден қоюға кеңес береді. Елімізге 2 млн. 400 мың доза вакцина әкелінген. Эльмира ҚҰРБАНБЕКОВА, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты. +Соңғы аптада 29 желтоқсан мен 3 қаңтар аралығында 45 жағдай тіркелді. Ал 1 қаңтардан бастап 24 жылдың 13 жағдай ғана тіркеліп отыр.