Елімізге шетел банктерін тарту несиенің пайызын төмендетуі мүмкін. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдаған қазақстандықтар осындай пікір білдірді. Айта кетейік, мемлекет басшысы банк саласындағы бәсекені арттыру үшін шетелден сенімді үш банкті тартуды ұсынған болатын. Қазақстанда 21 банк бар. Бірақ корпоративті секторға несие берумен, яғни экономикалық жобаларды қаржыландырумен бірнеше ірі банк қана айналысады, -деген еді президент. Сонымен бірге банктерді корпоративті несие беру ісіне белсене қатысуға, яғни кәсіпкерлерді қолдауға ынталандыруды тапсырды. Нақты секторға берілетін кредит азайып жатқанда банкттердің тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін ескертті. БЛИЦ-ОПРОС: - «Естдімі келеді деп шетел банктер. Келсе келсін. Жаңа прдуктылары бар шығар, жаңа услугалары бар шығар халыққа ұнайтын». - «Несиенің , ипотекалардың проценттері төмен болса өте жақсы болушы еді.Конкуренция болу керек.Міндетті түрде конкуренция, басқа жақтан шетелдерден тәжірибесін қарап, үлгісін қарап енгізуге болады». - «Кредитті төменгі пайызбен беретін болса онда жақсы деп ойлаймын.Кішкене конкуренция болса, біздің банктерде 20 % қой мысалы кредит. 5 жылға алсаңыз считаете 100% ». - «Банктердің несие берулері процентная ставка дейді ғой өте жоғары боп тұр. Көп жағдайда субсидия алған адамдар көп қайтара алмайды, шығындары ақталмайды. Безвозмездный дейді ғой сондай субсидия, кредитттер көп берілсе жеке кәсіпкерлерге жақсы болар еді».