Астана қаласының прокуратурасы мемлекет мұқтаждығы үшін алынған жер телімдері бойынша сот актілерінің орындалуына тексеріс жүргізді.Бас прокуратураның мәліметі бойынша, тексеру барысында акционерлік қоғам еріксіз иеліктен шығарылатын жер учаскесі үшін 663 млн теңге көлемінде өтемақы алғаны анықталды. Алайда 2 жыл бойы соттың мектеп пен жатақхана салу үшін 2 жер телімдерін мемлекетке беру туралы шешімін орындамаған. Прокурорлық қадағалау актісі бойынша сот шешімі орындалып, жер учаскелері мемлекетке берілді.