Елордада 300-ден астам жекеменшік балабақша жабылуы мүмкін

Елордада 300-ден астам жекеменшік балабақша жабылуы мүмкін. Кәсіпкерлер осылай деп дабыл қағуда. Оған- ғимарат құжаттарын қайта рәсімдеу себеп. Қазір жеке мектепке дейінгі білім беру орталықтарында 37 мың бала тәрбиеленіп жатыр. Егер осылай жалғаса берсе балабақша тапшылығы орын алуы мүмкін. Елордада 500 шақты жеке балабақша бар. Оның 80 пайызы ғимаратты жалға алып отыр. Көбісінің құжаты жеке тұрғын үй секторы ретінде рәсімделген. Ал жауаптылар оны бизнес секторы ретінде қайта тіркеу керектігін айтады. Оған 1 ай уақыт беріледі. Майра БӘЙДІБЕКОВА, ҮЗДІКСІЗ БІЛІМ БЕРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:Біз жеке кәсіпкер ретінде түзетулерге қарсы емеспіз. Бірақ коттеджде немесе көпқабатты үйдің бірінші қабатын жалға алып, балаларды тәрбиелеп отырғандар бар. Егер ғимарат 10 соттық болса шамамен құжат рәсімдеуге 10 миллион теңге кетеді. Ал жалға берушілерге бұл тиімсіз. Одан да хостелге немесе сұлулық салонына жалға бергені дұрыс. Дер кезінде құжатын тіркеп үлгермеген кәсіпкерлерге 60 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Мәслихат депутаты Мәдина Әжікенова құжатты қайта рәсімдеуге ұзақ уақыт кететінін айтады. Егер талап күшейе берсе көбі жабылып қалуы ғажап емес. Бұл жағдай балабақша тапшылығын туғызуы мүмкін дейді. Мәдина ӘЖІКЕНОВА, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ:Жеке кәсіпкерлердің, балабақша иелерінің алдында бірден мұндай талап қойған дұрыс емес. ИЖС-тен коммерциялық ғимаратқа ауыстыру үшін, коттеджді, 6-8 ай уақыт кетеді. Оның көбісінің телері жалға беріп отыр. Оған келіспейді. Балалардың саны көп.Оны толық қамтамасыз ете алмай қалады. Сондықтан бұл жерде жекеменшік балабақшалардың көмегі тиіп жатыр. Биыл шағын және орта бизнесті тексеруге мораторий аяқталды. Төтенше жағдайлар департаменті 40 балабақшаға тексеріс жүргізген. 300-ден астам заң бұзушылықты анықтапты. Оларға 40 хаттама толтырған. Ажар РҮСТЕМОВА, ҚАЛАЛЫҚ ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:Көбінесе бұзушылықтар өртке қарсы сигнализацияның ақаулығы. Электр сымдарының жабдықтарының ақаулығы болып табылды. Және эвокуациялық жолдардың өртке қарсы жабдықталмауы болды. Егер анықталған заң бұзушылық белгіленген уақытта қалыпқа келтірілмесе 36 мыңнан 184 мың теңгеге дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жаңа жылда Kaspi Red+ арқылы шоппинг үшін 15% бонус!
«Екінші мұнайдан» енші аламыз ба?
Сириядағы террорлық ұйым қатарында болған екі қазақстандық сотталды
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Мені ешкім өзбек деп ойламайды | Айтысты көп көрдім – қазақшам жақсарды | 4 тілді жетік білемін