Елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді. Оған мемлекет және үкімет басшылары, жетекші әлемдік сарапшылар мен халықаралық ұйымдардың басшылары қатысады. Жиында сыртқы саясат пен халықаралық қауіпсіздік, энергетика және климаттың өзгеруі сынды өзекті мәселелер талқыланады.Халықаралық форумның тақырыбы - "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында" деп аталады. Онда жаһандық сын-қатерлердің алдын-алу мәселелері талқыланады. Форумды Ұлттық экономика министрлігі ұйымдастырып отыр. Ал шараның техникалық операторы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы. Дәулет ЕРКІМБАЕВ, «QAZEXPOCONGRESS» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір біз Конгресс-орталық алаңындағы барлық дайындық, бөлшектеу жұмыстарын аяқтап жатырмыз. Бұл ғимаратта пленарлық отырысты, сондай-ақ панельдік сессияны өткізу үшін 6 негізгі зал жұмылдырылады. Пленарлық залдың өзі 1200 орынға ие болады. Әр панельдік зал 150 орындық. Пленарлық отырыс өткізілгеннен кейін панельдік сессиялар қатар өтетін болады. Шараға түрлі мемлекеттерден мыңға жуық делегат қатысады деп күтілуде. Қатысушылар форумда 40-қа жуық іс-шараға қатысады. Атап айтқанда, панельдік сессиялар, бейресми пікірталастар мен конференциялар болуы көзделген. Бұл өз кезегінде Қазақстанның экономикасына үлкен әсер етеді дейді, - министр Әлібек ҚУАНТЫРОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ: Әрине ол тұрақты түрде инвестицияларды тартады. Бизнес туризімді дамытады. Ал жалпы болашақта шетелдік инвестициялар, содан кейін тығыз сауда экономикалық қатынастарды күшейтеді деп күтілуде. Форум Астанада Конгресс-орталықта өтеді. Шара екі күн бойы өткізілуі жоспарланған.