Елордада «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара өтті

Бүгін Елордада «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік шара ұйымдастырды. Онда бас қаланың дамуы мен гүлденуі жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымы марапатталды.Шара барасында «Байқоңыр» ауданында тұратын алтын құрсақты аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалары салтанатты түрде табысталды. Сондай-ақ, құқық қорғау қызметкерлері мен коммуналдық салада еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Ерлан ЖАУЛЫБАЕВ, "БАЙҚОҢЫР" АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы қаламыздағы еңбек сіңірген апаларымызды, Байқоңыр ауданында осы бізбен, әкімдікке көмектесіп жүретін белсенді азаматшаларымызды 8 наурыз әйелдер күнімен құттықтау үшін дөңгелек үстел ұйымдастырып жатырмыз. Барлық аналарымызды, қарындастарымызды, апаларымызды келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Мемлекет және қоғам қайраткері, Білім және ғылым министрлігінің қоғамдық кеңесінің мүшесі, білім беру ісінің құрметті қызметкері Асима Бимендина, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртістері Майра Ілиясова мен Бағдат Самединова да шараға қатысып, өздерінің жылы лебізін білдірді. Майра ІЛИЯСОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Таңнан әйелдерді, қыздарды құттықтап жатыр. Өте жақсы болды! Күн суық болса да, біз жылынып қалдық. Сондықтан осындай Байқоңырдай жас аудандар өсе берсін, өне берсін. Біз әрқашанда келуге, кездесуге дайынбыз. "Бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеген" әйелдер ел ертеңіне нәр, тіршілікке әр беретін айрықша күшке ие. Мереке қарсаңында арулардың құшағы гүлге толды. Қалада мұндай мерекелік іс-шара әрбір ауданда, әр ұжымда өтіп жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Болашақ» стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды
Наурызбай қажы Тағанұлы бас мүфти болып қайта сайланды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды