Елордада алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылды

Елордада алғаш рет «Тәлімгерлер кеңесі» құрылып, алғашқы отырысы өтті. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған кеңестің 9 мүшесі бар. Олардың бәрі кезінде мемлекеттік қызметте еңбек еткен. Тәлімгерлік кеңестің мақсаты -жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының кәсіби бейімделуіне көмек көрсетеді. Сонымен қатар, кадр құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.Маңызды ұйымның алғашқы отырысына қалалық ардагерлер ұйымының өкілдері мен Астана қаласы әкімдігіне қарасты органдардың басшылары қатысты. Онда ұйым мүшелері жаңадан қызметке сайланған басшыларға өздерінің еңбек жолдарын айтып, тәжірибелерімен бөлісті. Әли КӨМЕКБАЕВ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ, «ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ» ТЕҢ ТӨРАҒАСЫ: Ал енді бұл бастама - агенттіктің бастамасы. Бұл тек қана Астана қаласында емес, басқа өңірлерде де орын алып жатқан жаңалықтар. Бұл кеңестің мақсаты, мынау Астананы алатын болсақ қаладағы басқармалардың жас басшыларға өздерінің тәжірибесін жеткізу. Кеңес құрамы тек ардагерлерден тұрады. Айтуларынша, топ мүшелері өңірдегі жұмысты бастап кеткен. Бұл жоба арқылы жастар тәжірибе алмасып, түрлі әдіс-тәсілдерге қатысты ұсынымдар алуға мүмкіндік бар. Ерсұлтан БЕКТҰРҒАНОВ, «QAZINDUSTRY» АҚ ТӘУЕЛСІЗ ДИРЕКТОРЫ, «ТӘЛІМГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ» МҮШЕСІ: Тәжірибемді қолданайын деп жастарға тәлім-тәрбие беруге, оларменен сұхбаттасуға, сұхбаттар өткізуге әрине дайынмын. Қазақта айтады ғой «ақыл тозбайды, алтын шірімейді» дейді. Ақыл тыңдап, ақыл тоқтатқан адам еш уақытта азбайды да, тозбайды да. Құрамның отырысына алғашқылардың бірі болып Жаңабай Мейірманқұлов қатысты. Ол осыдан 3 ай бұрын қалалық мәдениет басшылығына тағайындалған. Енді ардагерлердің ақ батасын алып, мол тәжірибе жинасам деп келіп отыр. Жаңабай МЕЙІРМАНҚҰЛОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Осындағы кеңеске құп мүше ағаларымыз үлкен тәжірибелі ағаларымыздан тәлім-тәрбие алайық, ол кісілердің осы өмірбақи жинаған тәжірибелерімен бөлісу үшін келіп отырмыз. Айта кетейік, осындай кеңес алдағы уақытта еліміздің әр өңірінде құрылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан футзалдан Еуро-2026 іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
Қазақ баласын сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Оққағарлар
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
Ұрысып жатқан екі ғашықты ажыратам деген қазақ спортшысы өзі таяқ жеп қалды
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
Ақшаны табатын да, ұстайтын да – Райм: Ерке Есмахан отбасына қатысты бір құпияны ашты
400 келі: Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Албания қиындықсыз жеңді
Мұртыңды ұрайын...
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Түркістан облысы 2024 жылы туу көрсеткіші бойынша рекорд орнатты