Елордада «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезі өтті

«AMANAT» партиясы мәжіліс сайлауына 119 үміткер ұсынды. Оның 90-ы партиялық тізіммен, 29-ы бір мандаттық округтер бойынша қатысады. Бұл туралы бүгін «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXV съезінде айтылды. Жиында мәжіліс және мәслихат депутаттығына кандидаттардың толық тізімі жарияланды. Толығырақ алдағы сюжеттеШараға 2000-нан астам адам қатысты. Оның ішінде саяси кеңес мүшелері, мәжілістің VII шақырылымының бұрынғы депутаттары мен өңірлерден келген делегаттар бар. Жас параолимпиадашы Серік Есматов алғашқылардың бірі болып сөз алды. Небәрі 13 жасында екі аяғынан айрылған жігіттің өмірге деген құлшынысы зор. Тағдырдың сынағына мойымай, тек алға ұмтылып келеді. Серік ЕСМАТОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ЭКС-ДЕПУТАТЫ: 13 жасымда мен пойыздың астына түсіп, екі аяғымнан айырылдым. Жарты жылдан астам уақыт бойы операция жасап, аман қалдым. Алғашқыда мен өзіме, өміріме ашуландым. Тіпті барша әлемге ашулы болдым. Бірақ мен бір нәрсені түсіндім. Мен өмір сүремін деп шештім. Бір жылдан соң, параолимпиада жүлдегері болдым. Съезге қатысушыларға Серіктің және өзге де жастардың жігерлі сөзі ерекше рух берді. Әр адам-тұлға. Партияның Мәжіліс сайлауына ұсынған үміткерлерінің арасында да ел-жұртқа танымал азаматтар жетерлік. Экс-министр Асхат Аймағамбетов те сол қатарда бар. Ол бұған дейін Қарағанды облысында мәслихат депутаты болғанын айтып, бұл бағытта тәжірибесі бар екенін жеткізді. Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ: Кезінде мен партиясыз өзім бір мандаттан депутат болып шықтым. Біраз мәселелерді шештім, маслихатта болдым. Бірақ сонда 2 мәселені түсіндім: бірінші ол бізге үлкен саяси трансформация керек., екінші ол жалғыз адам үлкен жүйелі кешенді проблемаларды шеше алмайды. Осыған байланысты мен осындай қолдау керек екенін, жалпы бір адам емес, топтасып проблеманы шешу керек екенін жақсы түсініп отырмын.Ұсынылған тізімде танымал тұлғалардың тағы бірі ол - Ринат Зайытов. Ринат ЗАЙЫТОВ, СЪЕЗД ДЕЛЕГАТЫ: Ең бірінші төзім керек жаңағы бүкіл елдің, жұрттың сөзін көтеру үшін. Сосын қажыр- қайрат керек.Осыны дәлелдеу үшін іспен. Мен өз басым ешбір қадамыма өкінбеймін. Екі жыл театрдағы істеген қызметімнің өзі үлкен тәжірибе болды. Партияның төрағасы Ерлан Қошанов партия құрамының 75 пайызға жаңартылған атап өтті. Жаңа тізім бойынша 29 процентті әйелдер, 15 процентті жастар құрады дейді. Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: «AMANAT» партиясы мәслихаттарға 3821, ал мәжіліске 119 кандидат ұсынды. Бұл құрамда барлық өңірдің, барлық саланың өкілдері бар. Олар - беделді, білімді тұлғалар. Нағыз патриот азаматтар. Олардың артында өздеріңіздей адал партияластар бар. Қалың орман халқымыз бар. Сондай-ақ, съезде партияның сайлауалды бағдарламасы бекітілді. Оның толық мәтіні үгіт-насихат кезеңінің алғашқы күндерінде жарияланады. Б. Сатуов

Читать источник astanatv.kz/kz/
Air Astana министрлік деңгейінде шешілмейтін мәселе - депутат Құспан
Элдер Сантана «Қайратта» қалады 
Павлодарлық тұрғын көлікті есірткіге мас күйінде айдаған
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды