Елордада «Ашық саясат» сараптамалық клубының отырысы өтті. Оған саясаттану, әлеуметтану, құқық және этносаралық қатынастар саласындағы жетекші сарапшылар қатысты. Олар шетелдің демократиялық процестерін дамытудағы тәжірибесі жайлы сөз қозғады. Әсіресе, өтпелі демократияның өзекті және классикалық тұжырымдамаларын тілге тиек етіп, нақты халықаралық мысалдарды талқылады. Әрі қазақстандық тәжірибені де талдап, пікір алмасты.Арман ЕШМҰРАТОВ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Ең басты демократияны дамыту мәселелері қарастырылады. Содан кейін жалпы сарапшылар, халықаралық тәжірибе және Қазақстандағы болатын перспективалар. Ең бастысы мен ойлаймын біздегі дискурсты алып тастау керек қоғамдағы. Себебі ол дискурстың арқасында қашанда көзқарас қалыптасады, ой-пікір қалыптасады. Содан кейін әр дискурс нәтижесі ерте ме кеш ол мына жағдайды өзгертеді деген сияқты.