Елордада банкоматта қалып кеткен карточкадан ақша ұрланған

"Алматы" ауданы ПБ анықтау бөлімінің қызметкерлері өзгенің банк картасынан ақша ұрлады деген күдікпен 61 жастағы елорда тұрғынын ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта қаланың оң жақ жағалауындағы супермаркеттердің біріне келгені белгілі болды. Ол несиесін жабу үшін дүкендегі банкоматқа келгенде бөтен біреудің банктік карточкасы қалып қойғанын байқайды. Қаскүнем қылмыстық оймен оны қалтасына салып алып, кейін басқа бір азық-түлік дүкенінен тауып алған карточка арқылы сауда жасаған. Осылайша 17 450 теңге көлемінде шығын келтіріп, карточканы лақтырып жіберген. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам қылмысын мойындады, оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Астана қаласының Полиция департаменті азаматтаға сақ болуды ескертеді. Банкоматтарды қолдану кезінде мұқият болыңыз, қажетті операцияларды орындап болған соң банктік карточкаңызды алуға ұмытпаңыз!, - делінген ведомство хабарламасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қар, жаңбыр, аяз»: Алдағы күндері ел аумағында -27°С-қа дейін суық болады
Қостанайда заңсыз жолмен 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыпты сотталды
Бүгін Бахтиер Зайнутдинов тағы да толық матч өткізуі мүмкін
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Маңғыстауда колледж бухгалтері 243 миллион теңгені жымқырған
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден өтті
Tesla-ның 239 000 көлігінде камераның ақауы табылды, оларды кері қайтарып алмақшы
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Банктен 55 млн теңге ұрлаған қазақстандық шетелде қамауға алынды
Ақмола тұрғыны чат-рулеткадағы әңгімесінен кейін сотталып кетті
Белгілі ғалым Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті
Түркістан облысында 110 жастағы қария төлқұжатын жаңартты
Мекемтас Мырзахметұлы дүниеден озды
Ақмола облысының тұрғыны ұлтаралық алауыздықты қоздырғаны үшін сотталды
Банктен 55 миллион теңге жымқырған қазақстандық Швецияда ұсталды
«Үстінен екі рет мыжып өткен»: Семейде қызды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші небәрі 2,5жылға сотталды
Жетісу облысының колледждерінде 14 жаңа мамандық ашылады
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды