Елордада «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті

Елордада қазақстандық танымал «Ninety One» тобының қатысуымен «Bolashak Bright» қайырымдылық жобасының тұсаукесері өтті. Бұл бастаманың ерекшелігі – әрбір қайырымдылық жасаған адам өзі де бағалы сыйлықтарға ие бола алады. Ол қалай жүзеге асады? Игі іс жасаушылар жиналған жиыннан тілшіміз тарқатадыАлғашқы қайырымдылық қаржысы буллезді эпидермолизбен ауыратын 8 жасар Тимур Сидировқа беріледі. Бүлдіршінге екі қолдың саусақтарын ажырату үшін операция Санк-Петербург қаласында жасалуы тиіс. Ота құны – 1 миллион 198 мың теңге. «Болашақ» қоры қамқоршылық кеңесінің төрағасы Динара Гаплан бұл – елімізде болмаған бірегей жоба болатынына сенімді. Өйткені, қайырымдылыққа атсалысқан азамат бағалы сыйлық ұтып алуы мүмкін. Жоба жетекшілірі көмекке мұқтаж адамға ақша жинау уақыты басталған күні арнайы жиын өткізеді. Қонақтарға арнайы нөмер жазылған қағаз таратылып, жеребе арқылы жеңімпаздар анықталады. Мәселен, бүгінгі кездесуге келгендер «NINETY ONE» тобының концертіне билет ұтып алды. Динара ГАПЛАН, «БОЛАШАҚ» ҚОРЫ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз қайырымдылық мәдениетін дамытып, бәріне игі іс жасау оңай екенін көрсеткіміз келеді. «Bolashak Bright» жанашыр азаматтармен бірге, біраз жоба істеді. Біздің бүгін ұсынып отырған жобамыз – бәрінен ерекше. Басты мақсат - бағалы жүлде ұтысын өткізу арқылы қайырымдылықты танымал ету. Қорға 20-дан астам өтініш түсті, біз 8 жасар жігітті таңдадық. Тұсаукесер жобаның басты қонақтары - «Ninety one» тобы. Кездесуге келген әншілер қайырымдылық жасау арқылы жүректерге мейірім шуағын төгеміз – дейді. «Зак» лақап атымен танымал Дулат Мұхамедқалиев бұл қайырымдылық қорының өзгелерден ерекшелігін атап өтті. Дулат МҰХАМЕДҚАЛИЕВ, «NINETY ONE» ТОБЫНЫҢ ӘНШІСІ: Көптеген қайырымдылықпен айналысатын фонд, т.б. дүниелерге аудит істеудің немесе ол ақшалардың бәрінің қайда баратынын, ол ақша кейін неге айналып кететінін көруге мүмкіндік жоқ. Бірақ, мына жақта ондай мүмкіндік бар. Тәуелсіз аудит істеуге болады. Бұл түскен ақшаның барлығы қандай жерге барып, жетіп, кімге түскенін біліп отыра аламыз. 2011 жылы құрылған қор осы күнге дейін Қазақстанның 22 қаласында инклюзияны қолдау бойынша 46 кабинет ашты. Дарынды жастарды қолдау мақсатында 100-ден астам білім беру грантын бөлді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Спортты дамыту дирекциясының директоры мен оның орынбасарына қатысты тергеу аяқталды
Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды
Алматыда қаза тапқан 20 жастағы жігіт муайтайдан әлем чемпионы болып шықты
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
ХӘОТ санатындағы алматылықтарға тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығындардың артуы өтеледі
Ақтаудағы апат: екі бала жарақат алды
Әзербайжан президенті Ақтаудағы ұшақ апаты туралы айтты
Қанат Бозымбаев Ақтаудағы әуе апатын тексеру жөніндегі мемлекеттік комиссияны басқарады
Қор нарығында доллар екінші күн қатарынан арзандады
Ұшақ апаты: Рамзан Қадыров көңіл айтып, Ильхам Әлиев Бакуге оралады
Астанада Фариза Оңғарсынованың 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті
"Күн жылынады": 26-28 желтоқсан күндеріне арналған ауа райы болжамы
«Спортты дамыту дирекциясы» директоры мен орынбасары 584 млн теңге жымқырған
Футбол клубтарына бөлінетін ақша 2,2 млрд теңгеге қысқарады