Елордада 11 елдің елшілері арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті. Шараға Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мұрындық болды. Сондай-ақ интеллектуалды ойында бірнеше әлем чемпионы да өзара бақ сынасты. Ұйымдастырушылар “бұл қыркүйек айында өтетін бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойынына қолдау” дейді. Айта кетейік, 2020 жылы ЮНЕСКО тоғызқұмалақты "адамзаттың мәдени мұрасы" тізіміне қосты. Әлихан БАЙМЕНОВ, ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЖӘНЕ ҚР ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ СПОРТЫ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Қазір біздің Қазақстанда 210 мыңнан астам адам тұрақты түрде тоғызқұмалақ үйірмелерінде айналысып жүр. Міне, мұның барлығы тоғызқұмалақтың жаңа деңгейге шыққанын көрсетеді. Ал енді елшілер арқылы біз оны одан сайын кеңірек насихаттамақпыз.