"Елордада екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп пайдалануға беріледі", - Ж.Қасымбек

Елордада екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек бас қаланың кәсіпкерлерімен кездесуінде айтты. Жиында тағы қандай мәселелер талқыланды? Бекболат Сатуов айтады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің бұл елорда кәсіпкерлерімен осы жылғы екінші кездесуі. Жиында кәсіпкерлер өздерінің өзекті проблемаларымен бөлісіп, күрмеуі қиын мәселелер бойынша көмек сұрады. Бұдан өзге, қала әкімі қаладағы білім беру нысандарындағы орын тапшылығы қалай шешілетінін атап өтті. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 26 мың бүлдіршін барды. Бізде 25 мың оқушы орны жетіспейді. Үш ауысымдағы 8 мектеп бар екенін де ескеру керек. Қазір «Жайлы мектеп» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Келесі оқу жылы қарсаңында 24 мектеп пайдалануға беріледі. Ал биыл 10 мектепті тапсыру жоспарланған. Тағы 8 мектепті өзіміз саламыз, сондай-ақ 17 жекеменшік мектептің құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, екі жылда 50-ге жуық жаңа мектеп пайда болады. Осылай орын тапшылығын жоямыз. Сондай-ақ, жиында балалардың тамағына байланысты тариф бағасын көтеру мәселесі де айтылды. Ол проблема келесі жылы шешімін таппақ. Қуаныш САПАРОВ, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАР ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Білім басқармасы есептеу жасап, енді әкімнің тапсырмасына сәйкес осы көтеруді жоспарлап жатыр. Көтеру үшін бюджеттен жергілікті бюджеттен қосымша қаржы бөлінетін болады. Балалардың бос уақытын тиімді пайдалану маңызды. Осы мақсатта оқушылар сарайы салынады. Қала басшысы барлығы жоспарда барын жеткізді. Жеңіс ҚАСЫМБЕК, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Мұндай 15 нысанның құрылысын жоспарладық. Әр ауданда 5 нысаннан салынады. Бесеуінің құрылысын келер жылы бастаймыз. Екеуі жергілікті бюджет есебінен болса, үшеуі мемлекеттік-жекешелік серіктестік тәртібінде тапсырылады.2017 жылдан бері қалада мемлекеттік балабақшалар салынбаған. Келер жылы осы бағдарламаны қайта бастауды жоспарлап отырмыз, - деді қала әкімі кездесуде. Осы орайда 60-қа жуық балабақша пайдалануға беріледі. 11 нысанның құрылысы 2024 жылы басталады деді. Кейбірі бизнеспен бірлесе салынса, қалғанының құрылысы тек бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатынын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты