Елордада елес кезген үй қайсы?

Елордада елес кезген үйлер бар. Қауесетке сенсек, бұл баспаналар зират үстіне тұрғызылған. Сондықтан ондағы пәтерлерде жиі ыдыс-аяқ салдырлап, шам бірде жанып, бірде өшеді. Әруақтардың зәрені алып жүргені рас па? Әріптесім Аружан Задабек қорқынышты орындарға барып, көріп келді.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Жұрт елес бар деген үйге біз де келдік. Көпқабатты тұрғын үй, көріп тұрғандарыңыздай. Қазір ішке кіріп, өз көзімізбен көргіміз келіп тұр. Қауесеттерге сенсек, дәл осы үйдің астында бұрын оба ауруынан қайтыс болған адамдар жерленген деседі. Біздің оператор екеуіміздің үйге кіргенімізге, шамамен, бір сағаттай уақыт өтті. Бірақ ешқандай тылсым күшті байқамадым. Тылсым күш жоқ деп ауыз жиып болғаным сол еді, қараңғы бір бұрышқа көзім түсті. Қорқынышты жиып қойып, түсірілімді ары қарай жалғастырдық. Кенет... Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен дәл қазір осы үйдің жертөресіне кірдім. Кішкене үйдің ескіргендігінен қорқыныш басым болды. Мұндайда қорыққанға қос көрінеді демеуші ма еді?! Есімді жиып, кіреберіске шығып едім, алдымнан осы тұрғынүйде 17 жылдан бері тұратын азамат шықты. Жұрт шулап жатыр екен. Осы үйде елес бар екен деп. - Түнгі үште тұрамын да арақ беремін, кетеді. Иә, үйдің байырғы тұрғындары бұл әңгімеден әбден шаршаған. Елес бар болса біз де көшіп кетер едік қой дейді. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Оның бәрі бекер әңгіме. 2 этажда тұрамын ғой. Ешқандай елес те, белес те жоқ бұл үйде. Кезінде осы жерде зират болған дейді. 99 жылы үй салған кезде зиратты ысырып тастап, орнына үй салған дейді. Елес жоқ болса бұл әңгіменің нүктесін қояйық деп кетпекке бекінгенім сол еді, баспананың бұрынғы тұрғынын кезіктірдім. Ол бұл үйден көшуіме қорқынышты оқиғалар сеп болды дейді. ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Елес бар. Бұл үйде тұрған адамдар тұрақтамайды. Қайта-қайта көшіп кетеді. Зираттың үстінде орналасқаннан кейін түрлі дыбыстар шығады. Өте қорқынышты. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Біз дәл қазір Қараөткел ауылының жанындағы зиратқа келдік. Жолдың бойында орналасқан. Көз жүгіртсек мына жақтан жер үйлерді де байқауға болады. Бейресми мәліметке сүйенсек, дәл осы бейіттің басында жол-көлік оқиғалары жиі орын алады екен. Жұрт бір жерде жол апаты жиілесе, ол тысым күшке байланысты дейді. Бірақ, дінтанушы Салтанат Асанова бұл пікірмен келіспейді. Салтанат АСАНОВА, ДІНТАНУШЫ: Заңдылық деп ойламаймын. Кездейсоқтық, заңдылық деген бар. Яғни, ешқандай да зираттың қасына барса мынандай болады деген ешқандайда бір дәлел жоқ. Шыны керек, әр адамның ішкі өзінің сенімінің деңгейіне байланысты деп ойламын. Ал дін өкілдері елес туралы не дейді? Оның бары рас па? ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ: Адамның көзіне елес болып көрініп жүргендер – әртүрлі бейнеде көрінетін жындар. Олардан қорқудың қажеті жоқ. Олардан қорғану үшін Пайғамбарымыз үйреткен Құран және сүннетте келген зікірлерді оқып, өзіне дем салып жүруге болады. Астана – үлкен қала. Сондықтан болар, ел аузында шаһардың мына жерінде елес бар деген әңгіме көп. Ал тылсым күшке сенбейтіндер бұл жәй ғана сандырақ дейді. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
2024 жылы өңірлер спортқа ₸123 млрд-тан астам жұмсады
Күрестен Таразда өткен халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды
Балқашқа былтырғымен салыстырғанда 4 млрд текше метрге артық су жіберілді
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
2024 жылы Қазақстандағы су қоймаларына 75 млрд текше метрден астам су жиналды
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Қолайсыз ауа райы: БҚО-дағы жолдың бір бөлігі жабылды
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды