Елордада бүгін ғалымдар мен кәсіпкерлер арасында кездесу өтті. «Ғылым қоры» ұйымдастырған шараның мақсаты - ғалымдардың өнертабысын кәсіпкерлерге ұсынып, оны қаржыландыру. Төртінші мәрте жүзеге асырылған жобаға 8 ғалым, 50-ден аса кәсіпкер қатысты.Құрманғазы ҚҰРАЛҰЛЫ, «ҒЫЛЫМ ҚОРЫ» АҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАР МЕН ЖАҢА ЖОБАЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Бұл - арнайы бизнес пен ғылым өкілдеріне арналған диалог алаңы. Бүгінгі технологияларды коммерцияландыру реакторында біз 30 жобадан, іріктелініп алынған 8 ғылыми жобаның нәтижесін бизнес өкілдерінің алдында ұсынайын деп отырмыз. Өнім ойлап тапқан өнертапқыштар 3 минут ішінде бизнес өкілдеріне жобасын қорғап шығуы керек. Пайдаланылған өсімдік майларын экологиялық тазарту, өртті сөндіру стрикерлерін жасау технологиясы, Space 3d индустриялық принтер,теңдестірілген құрамы бар функционалды сары май жобалары таныстырылды. Мұхтар ЖҰМАНҰЛЫ, ҒАЛЫМ: Мақсатымыз көрсету қандай бізде жетістіктер бар. Қазір білесіздер ковидтан кейін, адамдар ойлана бастады , қалай иммунитетті көтеру үшін. Иммунитетті көтеріп сақтаудың себебі - ол тамақтың арқасында. Қазіргі біз істеген тағамдар соны шешуге бағытталған. М. Жолдыбалин