Елордада жаңа Қала құрылысы кодексін әзірлеу мәселелері талқыланды

Бас шаһарда Қазақстан құрылысшылар одағының мүшелері мен «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, онда саладағы заңнамалық өзгерістер талқыланды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кездесуде «ҚазҚСҒЗИ» АҚ-ның бас директоры Бегман Құлбаев елімізде әзірленіп жатқан жаңа Құрылыс кодексі құрылымының жобасын көпшілікке таныстырды. Институттың басшысы қатысушыларға осы заңды дайындау бойынша жұмыстардың барысы мен оны іскерлік ортамен талқылауды қамтитын алдағы жоспарлар туралы айтып берді. "Құрылыс саласының өкілдері жаңа Құрылыс кодексін әзірлеу жөніндегі жұмысқа белсенді қатысады деп сенеміз. Құрылыс саласындағы өзекті мәселелер барлық тарап, айталық мемлекеттік органдар, сараптамалық қауымдастық және құрылыс компаниялары бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана тиімді шешіледі",- деді Б.Құлбаев. Айта кетейік, жаңа заңды әзірлеуге құрылыс саласының өкілдері арнайы құрылған жұмыс топтарының қызметі аясында қатысып келе жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды
Қазақстанда алдағы күндері 35 градусқа дейін аяз болады
Қазақстанда кеме жасайтын зауыт салынады
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Ардақ Назаров «арақ ішпеуге» ұсыныс жасаған Түркістанда жаңа жылға бюджеттен қаржы бөлінбеді