Елордада журналист Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті

Елордада Жолдасбек Дуанабай атындағы дәстүрлі бильярд турнирі өтті. Шара Aiqyn, «Литер» және Turkistan газеттері қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірген белгілі журналист, Б.Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдың құрметіне орай ұйымдастырылған. Турнирге марқұмның көзін көрген үзеңгілес достары мен әріптес бауырлары қатысты. Ал сайысқа ұлттық дәрежедегі төреші Несіп Жүнісбайұлы қазылық етті.Несіп ЖҮНІСБАЙҰЛЫ, ЖУРНАЛИСТ, АРДАГЕР ЖАЗУШЫ: Өмір бойы ортамызда қатар жүріп қызмет істедік, Жолдасбек Дуанабай деген азаматпен. Соның атына мынадай жарқыратып жарыс өткізіп жатқанына мен қол шапалақтаймын. Қалам ұстаған 48 үміткер 2 санат бойынша бақ сынады. Әр категорияға үш бағалы жүлде тағайындалған. Одан бөлек, белсенді қатысушыларға да арнайы сыйлықтар берілді. 55 жасқа дейінгілердің арасында журналист Нұрділдә Ораз үздік деп танылса, Еуразия Ұлттық Университеті Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ 55 жастан үлкен санаттағылардың арасында бірінші орынды жеңіп алды. Қайнар ОЛЖАЙ, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ: Өте жақсы көңіл күймен келдік. Өйткені мына журналистер қауымы бірауызды болуы керек, бір-бірін қолдау керек, бір-бірін ұмытпау керек, бір-бірін қадірлеу керек, бір-бірін қастерлеу керек. Жолдасбек Дуанабай тақырып қойған кезде, ана мақаланы амал жоқ әркімнің оқығысы келіп тұратын. Жолдасбектей мінезі дархан азамат бізде сирек болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Григорий Бабаян – 2024 жылғы QFL үздік бапкері
Қызыл шараптың адам ағзасына жұрт білмейтін пайдасы бары айтылды
Қазақстандық шахматшылар жаңа рекорд орнатты
Брокколи мен қырыққабат аллергияның алдын алады
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Euronews: Ақтау маңындағы ұшақ апатына зымыран себеп болды
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Атырауда арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының директоры сотталды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін