Елордада жыл басынан бері жол ақысын төлемеген 15 мыңнан астам адам айыппұл арқалаған

Елімізде қоғамдық көлікте жүру ақысын төлемейтіндер көбейген. Жыл басынан бері бір ғана Астананың өзінде 82 мыңнан аса факті тіркелді. Жұрт жол ақыны төлеуге неге құлықсыз? Тілшіміз анықтап көрді.Жол ақысын төлемейтіндер көбейгенін тексеріс қызметкерлері айтады. Жыл басынан бері 15 мыңнан астам адам айыппұл арқалаған. Самал ҚАБЫШЕВА, КӨЛІКТІК БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ МЕНЕДЖЕРІ: Тексеріс барысында жалпы 50-60 қоғамдық көлікте тексеріс жүргіземіз мониторинг жасап.Оның ішінде әрбір 5-ші автобуста жол ақысын төлемеген жолаушылар кездеседі. Күніне енді 10 –нан аса жолаушы анықтаймыз жаңағыдай жол ақысын төлемеуден. Елорда да жолақы құны - 90 теңге. Бірақ, жұрт соны төлегісі келмейді. Көбі тек тексеріс кезінде әрекет ететін көрінеді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жол ақысы деген ол қазақта сөз барғой жол ақысы тәңір ақысы деп жолға төлеу керек. - Ол болады бірақ кейде ана тексерушілер кірген кезінде карточкасын беріп жатады. Басып жіберіңізші деп . Кездеседі ондай. Жоқ емес бар. - Егер тексерсе тексерді ал егер тексермейтін болса сәтті түсіп кетеді. Енді ол адамның өзіне байланысты деп ойлаймын қаладағы. Әртүрлі қоғамда неше түрлі адамдар бар ғой. Мамандардың айтуынша, өзге елдермен салыстырғанда Қазақстандағы жолақы біршама төмен. Мәселен Германияда билет құны – 7,5 евро, яғни (3 589 теңге), Қытайда 1-5 юань (63-315 теңге). Грузияда 2,5 лари (436 теңге) болса, ал Италияда 1,50 евро (717 теңге). Ал, елімізде төлем екі түрде жүргізіледі. Орынбасар АҒАБАЕВ, БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОР: Елордамыздың автобустарында екі төлем каналдары бар олар көлік карталары арқылы және QR-дын сканерлеу арқылы. Олардың үлесі шамамен 50 де 50 болып келеді. Статистикаға сүйенсек, QR арқылы төлеу қарқынды дамып келеді. Мысалы 21-ші жылы 35-40% құраса QR қазіргі таңда 50% бір күндері 55 %-ға дейін үлестерін алады. Айта кетейік, бас қалада күн сайын 98 бағыт бойынша 850-ден астам автобус қатынайды. Күніне орта есеппен 600-мыңнан астам жолаушы тасымалданады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Жамбыл облысында қоғамдық моншада өрт шықты
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты