Елордада су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қазақстандағы Венгрияның Төтенше және Өкілетті Елшісі Отто Иван Ронамен кездесті. Олар Қазақстан мен Венгрияның су саласындағы ынтымақтастығын талқылады. Бұдан өзге, 20 қарашада Будапеште өтетін Халықаралық су форумы туралы айтылды. Оған су үнемдеу технологияларын әзірлеуші ірі компаниялар қатысады. Қазақстандық бизнесмендер де барады. Нұржан НҰРЖІГІТОВ, ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ: Бұл- ең алдымен судың жиналуы мәселесі. Содан кейін оны үнемдеу, ұтымды пайдалану және суды үнемдейтін технологияларды қолдануды арттыру. Әрине, автоматтандыру және цифрландыру мәселелері бірінші орында шешілуі тиіс мәселе.