Елордада көкпар тартудан жарыс өтті. Игі шараны ұйымдастыруға Астана қаласының «Көкпар» федерациясы мен Полиция департаменті атсалысқан. Құқық қорғау қызметкерлері жарыс алаңына жиналған шабандоздарға «Қара сора» жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде есірткімен күрес ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді. Тартысты бәсекеге елдің түкпір-түкпірінен 500-ге жуық шабандоз келіп қатысты. Ойынның бұл жолғы ерекшелігі - тартыс әдеттегідей 2 команда арасында өткен жоқ. Ойыншылар тек өз есебі үшін салым салды. Ең көп салым салған ойыншыларға автокөлік және ақшалай сыйлықтар берілді. Қуаныш ОРЫНБЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Астана қаласының Көкпар федерациясымен бірлесе отырып, артымыздан еріп келе жатқан інішектерімізге, болашақ ұрпаққа қазақтың дәстүрлі спортын дамыту. Әрі қарай спортқа баулу дегендей, нашақорлықтан аулақ болу. Ералы МАМЫРОВ, ҚАЛАЛЫҚ «КӨКПАР» ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Келешек ұрпағымызда Қабанбай сияқты, Бөгенбай сияқты мықты-мықты батырлар өмірге келе берсін. Елімізді қорғайтын, атқа мінетін, ел қорғайтын, елдің тізгінін ұстайтын мықты жігіттер көп болсын, жігіттер.