Сарыарқаның төріне Жетісудің лебі келді. Талдықорған драма театрының әртістері астаналықтарды «Қос мұңлық» қойылымымен қуантты. Шығарма жалғыз ұлының шаңырағына сыймай, қарттар үйін паналаған қарт ананың мұңлы тағдыры туралы. Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған гастрольдік сапар бірнеше күнге созылады. Сағындық ЖҰМӘДІЛ, Б.РИМОВА АТЫНДАҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ: Жолдастары қайтып кеткен үлкен қарт адамдардың өмірі, балаларының арасындағы қарым-қатынастары, айналып келгенде қарттар үйіне тапсыру мәселесі қозғалатын дүние. Соны біз Бикен апамның 100 жылдығы болғаннан кейін сол кісінің туындысымен атап өтсек, халыққа көрсетсек, 100 жыл болып жатыр. Астанада бірнеше күн аялдайтын театр ұжымы бұдан бөлек, «Мұғалім», «Жалқаудың жыры» қойылымдарын да көрерменге ұсынбақ. Театрға келушілер сахна саңлағы саналатын ерекше өнер иесі - Бикен Римованың жеке заттары қойылған көрмені тамашалай алады. Ерлік ЖУАСБЕК, Б.РИМОВА АТЫНДАҒЫ ТАЛДЫҚОРҒАН ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жылдың соңына қарай Астана қаласына гастрольдік сапармен келіп жатырмыз. Алла бұйыртса, осы айтың, қыркүйек айының аяғында апамыздың 100 жылдығының нүктесін үлкен халықаралық фестивальмен жабайын деп қазір қызу дайындық жүріп жатыр. 5 мемлекеттен шетелдік театрлар келеді. Біздің республикадан 6 театрт бәйгеге түспек.