Елордада мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдайтын инватакси жетіспейді. Бұл мәселе әсіресе балалар үшін өзекті болып отыр. Астана қаласында 202 арбаға таңылған бала бар, ал оларға небәрі 8 көлік қызмет көрсетеді. Оның да алтауы ғана арнайы мамандандырылған. Проблема қашан шешіледі? Құзырлылар не дейді? Тілшіміз айтады. Севара Жамашова науқас баласын екі жылдан бері инватаксимен мектепке тасиды. Қызмет көрсетушілердің жұмысына көңілі толады. Алайда арнайы мамандандырылған көліктің жетіспейтіндігін айтады. Ертерек тапсырыс бермесе, кеш қалады. Севара ЖАМАШОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Машинаның санын арттырса ыңғайлы болар ма еді. Қазір 9:20 кеткенге дейін заявка қалдырамыз. 9:30 10 ға қалып кетсек бізге машина қалмай қалады. Себебі машина аз бала көп. Сонда да орын тауып, уақыт тауып беруге әрекет жасайды. Бас қалада 33 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат бар. Инватакси қызметіне мұқтаж жандар саны -3702. Оларға 132 автокөлік қызмет көрсетеді. Алайда барлығы мамандандырылмаған. Мәселені шешу үшін жергілікті билік қосымша мәшине алу жоспарда бар екенін айтты. Айнұр АУБАКИРОВА, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: 12 мамандандырылған автокөліктер. Қалғаны жеңіл автокөліктер. +көліктерді көбейту жоспарлануда. 14 мамандандырылған көлік көбейеді. Мәжіліс депутаты Таңсәуле Серіков бұл мәселені шешу үшін монетизациялау қажет дейді. Яғни қызмет алушыға бірнеше мекемені таңдауға мүмкіндік беру керек. Таңсәуле СЕРІКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Мүгедектігі бар тұлғаға лимит беріледі. Яғни бұл лимит аясында тасымалдау жүзеге асырылады. Мысалы қызмет түрін беретін бірнеше адам болатын болса, сол кісілерді таңдап, сол бойынша жүзеге асырылып жатады. Не болмаса қоғамдық тарапынан яндекс такси арқылы жүзеге асырылса болады. Астана қаласында күніне шамамен 1500 адам инватакси көмегіне жүгінеді. Бұл қызмет үшін мемлекеттен былтыр 816 млн тг бөлінген. Ал биыл 1 млрд 286 млн тг қарастырылып отыр.