Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды

Елордада «Наурыз-2024 ұлттық сыйлығының» иегерлері марапатталды. Ұлттық құндылықтардың насихатталуы мен дамуына елеулі үлес қосып жүрген жандар арасындағы бұл байқау жылда өткізіледі. Биыл әр өңірден жиналған 9 адам топ жарды. Олардың әрқайсысына 1 миллион теңге көлемінде сыйақы берілді. Байқау Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен өтті. Байқау 9 номинация бойынша өтті. Әр өңірдің кіл мықтылары Астанада бас қосты. Олардың арасында үздік би ансамблі мен этно фольклорлық ұжым бар. Димаш Құдайбергенге қазақы нақышта шапан тіккен дизайнер де келген. Құс пен итті баптап, ат спортын дамытып жүрген жандар да осы жерден табылды. Назгүл САРЫБАЙ, «НАУРЫЗ-2024 ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Жыл сайын «Наурыз ұлттық сылығының» номинацияларының қатары өзгеріп отырады. Бір жылдары «Құсбегі», «Итбегі», «Атбегі» деген жоқ болса олар қосылып жатыр. Байқауда топ жарған жеңімпаздың бірі – Арман Қошқаров. Ол ұлттық байқауда «Үздік құсбегі» атанды. 15 жылдан бері айналысады. Әкесінің жолын қуған. Арман ҚОШҚАРОВ, «ҮЗДІК ҚҰСБЕГІ-2024» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: 8 жарыс болды соның алтауынан бірінші орын, екеуінен екінші орын, «Жыл үздігін» алып жатырмыз. 12-16 жылы да алғанмын. Ұлттық спортымыз дами берсін. Жеңімпаздардың арасында бір жылқысы бір бәйгеде төрт көлік ұтып алған Бүркіт Серікбек бар. Ол «Үздік атбегі» номинация бойынша жеңімпаз атанды. Ата-бабадан қалған аманатты жалғап, жылқының жырын жырлап жүрген азамат талай байқауда бой көрсеткен. Топ жарып, талантының арқасында талайды тамсандырған. Бүркіт СЕРІКБЕК, «ҮЗДІК АТБЕГІ-2024» НОМИНАЦИЯСЫНЫҢ ИЕГЕРІ: 50-ден аса автокөлік ұттық. Джип ұттық – ең үлкені. Пәтер ұттым Ақтау қаласында Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдығында. Ұлттық құндылықты дәріптейтін байқау Астана қалалық әкімдігінің қолдауымен өткізілді. Үздіктерге «Тайқазан» естелік статуэткасы мен миллион теңге берілді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сербиядан Қазақстанға қашқын алаяқ экстрадицияланды
Өзбек футболшысы "Ситиге" ауысу үшін виза күтіп жүр
Садақа мен қайырымдылыққа ақша жинайтындар қалай тексеріледі?
Ауа райына байланысты екі қаланың оқушылары қашықтан білім алады
Сербиядан аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды
Электр энергиясы келесі айдан бастап қымбаттауы мүмкін
Мемлекет басшысы Асхат Хасеновті қабылдады
Маңғыстауда жұмысшы мамандықтарына сұраныс артуда
Көшпенділер қалашығына жол салынбақ
Алматылық нейрохирургтер бала өмірін сақтап қалды
Алматыда төбелескен Үндістан студенттері еліне қайтарылады
Бактериялар Альцгеймер ауруын тудырады
Қазақстанда алаяқтар 24 миллиард теңгені жымқырған
Алматыда 2025 жылғы әлеуметтік төлемдер қалай өзгерді?
Көлік салығы толығымен алынып тасталды
Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізуге негіз жоқ
Сирек кездесетін көз ауруы Алматыда сәтті емделді
Алматыда жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Боран және тұман: Алматы мен Астанада алдағы күндері ауа райы қандай болады?
500 миллиардердің тізімі жаңарды: ішінде жалғыз қазақстандық бар
Қарағандыда тұрғын үй өртеніп, 2 бала қаза тапты
Астанада ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
“Аңқаулығын пайдаланады“. Алаяқтар балаларды қалай алдауы мүмкін?