Елордада Республика күніне орай "Жігерлі Жандар" парамарафоны өтті. Эстафетаға ерекше қажеттіліктері бар 80-ге жуық адам қатысты. Олар 1 және 3 шақырымға жүгірді. Жарысқа қатысушылардың барлығы бірдей естелік сыйлықтармен, медальдармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұндай жарыс екінші рет өткізілуде. Мақсат -ерекше қажеттіліктері бар адамдарды спортқа баулып, салауатты өмір салтын насихаттау. Марғұлан ҚИЯҚОВ, ПАРАЛИМПИАДАЛЫҚ ЖАТТЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ МЕНЕДЖЕРІ: Денсаулығына байланысты ерекше адамдар да марафонға жүгіре алады. Олар да спортқа өте қызығушылықтары өте мол деп айтуға болады. Бұл жерде енді ешқандай шектеулер жоқ. Қанша адам қатысатыны. Одан ары қарай өзіміздің жоспарымыз бойынша түкпір Қазақстан жан-жақтан ерекше адамдарды жинап марафон өткіземіз деп жоспарлауда. Саят ДОСАЛИ, ҚАТЫСУШЫ: Жарыс өте күшті өтті. Сондай конкуренция болған, соған тырыстым бірінші орын алуға. Көңіл күйім өте жақсы болып тұр. Өте көңілдімін. Мотивация көп қазір.