Елордада есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аса ірі көлемде есірткі сатудың жолын кесті, деп хабарлайды Астана телеарнасы Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Күмісбеков көшесіндегі үйінің жанынан Range Rover автокөлігінің жүк салғышында күшті синтетикалық есірткі заты – мефедронның екі пакетін тасымалдап келе жатқан 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Тергеу анықтағандай, ұсталған азамат есірткіні Алматыдан сатып алып, көлікпен Астанаға жөнелтіп, өзі елордаға ұшақпен оралған. Әрі қарай ол есірткіні бір келіден бөліп, Көкшетау, Петропавл және Павлодар қалаларында ірі мөлшерде көтерме сауда үшін жасырып кетуді жоспарлаған. Күдікті есірткіні орап-түю үшін тасымалдау барысында ұсталды. «Ұсталған азаматтың пәтерін тінту кезінде екі келі гашиш, бір миллионнан артық теңге, сондай-ақ электронды таразылар мен буып-түюге арналған материалдар алынды», - делінген хабарламада. Ішкі істер министрлігінде атап өткендей, тәркіленген есірткінің салмағы аса ірі мөлшерге жатады. Олардың айналымы үшін жаза мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Қазіргі уақытта іздестіру шаралары жалғасуда, ұсталған азаматтың қылмыстық байланыстары анықталып жатыр.