Елордада Ұстаздар күніне орай «ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГТЕРІ» мен «ҮЗДІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ» марапатталды

"Қалдырған ізің мәңгілік". Осындай атаумен елордада ұстаздар күніне арналған мерекелік концерт өтті. Шараның өтуіне Астана қалалық білім басқармасы мұрындық болды. Айтулы кешке 2 мыңға жуық мұғалім қатысты. Ұстаз болу -ұлы қызмет. Кеште ізгі мамандық иелеріне ерекше құрмет көрсетілді. Мұғалім-мектептің жүрегі. Сондықтан оларға артылар жүк ауыр. Күні кеше өткен републикалық съезде Президент кім-кімнің де жақсы адам, мықты маман болуы ұстазына байланысты деді. Бала жанының бағбаны болған жандар бұл жауапкершілікті біледі, түйсінеді. Гаухар ЖҰМАНОВА, "ӨРЛЕУ" ҰЛТТЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ШҚОФ ДИРЕКТОРЫ: Бір жаңа әрқайсымызға жаңа қарқын, кәсіби өсуімізге, білімнің дамуына бір жаңа серпіліс беретіні сөзсіз. Президенттің сөзін естідік. Нақты қойылған талаптарын естідік. Соның ішінде әрқайсысы жүрегімізден орын алды. Менің өз жүрегіме жақын келгені біліктілікті арттыру яғни, педагогтердің кәсібилігі жаңағы біліктілікті арттыруына аса мән берді. Салтанатты шарада қала әкімі Жеңіс Қасымбек пен Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, бірқатар ұстазды марапаттады. «Құрметті педагогі», «Үздік білім беру ұйымы» номинациясылары табысталды. Бірқатар азамат «Еңбек Ардагері», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» медалдарымен марапатталды. Қасымхан СЕНҒАЗЫЕВ, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бізде қаламыз да 23 мыңнан астам ұстаз еңбек етеді. Әрқайсысының еңбегінің еленгенің қалаймыз. Ең үлкені еңбек ол еленететін ұстаз үшін ол ата-аналар мен балалардың ризашылығы. 600 адам әр өңірден келіп осы бүгінгі іс-шараға қатысып жатыр. Және де Астананың 1000 нан астам мұғалімдері осы іс-шараны келіп тамашалап жатыр. Мұғалімдерге мемлекет тарапынан қолдау көп. 4 жыл бұрын Мемлекет басшысы педагог мәртебесін арттыруды тапсырды. Бұл орайда Педагог мәртебесі туралы заң қабылданды. Президент тапсырмасымен жалақы 4 жылда 2 есе өсті. Еңбек демалысының уақыты ұзартылды. Сондай-ақ, мұғалімге артылған артық жұмыстар алынып тасталды. Сондай-ақ, мұғалім мамандығын таңдаған студенттердің стипендиясы 2,5 есе көбейді. Қысқасы, елімізде білікті ұстаз даярлау ісіне айрықша мән беріліп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
40 жастағы әйел косметологиялық клиникада майын кетіремін деп мерт болды
«80 күн ас-сусыз қамаған»: Ресейлік эскорт-әйел жігітінен кек алу үшін ұлын аштан өлтірген
Ауа-райына байланысты бірнеше облыста жүргізушілерге ескерту жарияланды
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
VIN-кодтарды қолдан жасау: Қазақстанда ірі қылмыстық схема әшкереленді
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған