Елордадағы апатты үйлер қашан бұзылады?

Елордада 200 үй тұруға жарамсыз. Бірінің әйнектері сынып, енді бірінің қабырғасы құлап, опырылып жатыр. Қауіпті баспананың 59-ы алдағы бес жылда бұзылуы тиіс. Олар қиратылса, халық қайда көшеді? Әріптесім Аружан Задабек құлаудың аз-ақ алдыңда тұрған үйлерге барып, тұрғындармен тілдесті.Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Елордадағы апатты үйдің біріндеміз. Екі қабатты тұрғын үй. Янушкевич көшесінің бойында орналасқан. Шамамен 20 шақты отбасы тұрады екен. Шынымды айтайын, дәл қазір мен тас дәуіріне түскендей күй кешіп тұрмын. Бұл үй шамамен 1965 жылы тұрғызылған. Ғимараттың кірпіштері мүжіліп, құлап жатыр. Негізі жергілікті билік осы баспана маңындағы жатахананы біраз жыл бұрын бұзып тастады. Бірақ бұл екі үй назардан тыс қалған. Жасұлан ЫРСАЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Подъезд жоқ, сразу кладовка. Частный үй сияқты ғой. Біз дәл қазір осы үйлердің біріне кіріп көрмекпіз. Халықтың пікірін білу үшін. – Сәлеметсіз бе! «Астана» телеарнасынан. Бұл үйде қанша жылдан бері тұрасыздар? – Мы недавно переехали. – Ұнай ма өздеріңізге барлығы? – Да, ремонты делаем. Ескі үйде тұрып жатқандардың дені – пәтер жалдаушылар. Апатты болғаннан кейін үйдің жалдамалы құны басқаларға қарағанда әлдеқайда арзан. Сондықтан «квартиранттар» бұл жерден көшкісі келмейді. - Қанша жылдан бері уәде беріп келе жатыр. Бұзылады, басқа үй береміз деп. Жоқ, өтірік бәрі. Күтіп шаршадық. Бірнеше рет ұсыныс айтып келді. Жағалаудан үй береміз деді. Бірақ беретіндері 1-2 бөлме ғана. Біз онда отбасымызбен сыймайсыз ғой. Ал мұндағы үйде 4 бөлме бар. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Мен дәл қазір ауылда, ата-әжемнің үйінде демалып отырғандай күй кешіп отырмын. Бірақ, мен жұмыстамын. Жұмыс барысымен Астана іргесіндегі осындай ескі үйлерді аралап жүрмін. Қараңыздаршы, мұндағы есік, барлығы тап бір өткен заманда қалып кеткендей. Ауылды еске алып отырғанымда, туылғалы бері осы үйде тұратын әйел сыртқа шығып, тұрғын үйді жақында бұзатынын айтты. Жауаптылар халыққа осылай депті. - Говорят деньгами, кому-то говорят квартиру какой-то. Елорда қарқынды дамып, заманауи ғимараттар бой көтеріп жатса да аудандардағы ескі үйлердің мәселесі әлі өзекті. Бірақ біртіндеп жүзеге асырылатын жұмыстар аясында, бұл проблеманың да күрмеуі шешіледі дейді жауаптылар. Нұрбол КӨКЕНОВ, ҚР ИНДУСТРИЯ ЖӘНЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫҚ ДАМУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАС САРАПШЫСЫ: 2022 жылы республика бойынша 114 үйді сүріп, взносқа жіберді. 2029 жылға дейін қазіргі таңда біз план қойдық. Астана қаласы бойынша 119 үйді 2029 жылға дейін взносқа жіберіп, тұрғындарын жаңа үймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында ғана Бас қаладағы сапасыз үйлерді сынға алды. Бұзуды тапсырды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Соңғы кезде ескі және апатты жағдайда тұрған үйлерді сүріп тастауға қатысты жұмыс тоқтап қалды. Оның орнына берілетін жаңа баспана саны 70 пайызға азайып кетті. Сондай-ақ 360 астам үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек. Оларды жаңғырту жоспарын әзірлеу қажет. Жоспар бойынша 2029 жылға дейін республика бойынша 1,5 мың үй бұзылады. 40 мыңға жуық тұрғын жаңа үймен қамтамасыз етіледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ресейде бірнеше әйел алуға қайтадан тыйым салынды
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай финалдық жекпе-жексіз ел чемпионы атанды
Алматыда 2 миллионға жуық адам көгілдір отынды пайдаланып отыр
Әлемде алғаш рет әйелдерден тұратын әуе рейсі орындалды
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы қатысатын әлем чемпионаты тікелей эфирде көрсетіледі
«Әлеуметтік әмиян» жобасы ыстық тамақ үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Әлеуметтік әмиян» жобасы оқушыларды тегін тамақтандыру үшін құжат жинауды жеңілдетті
«Ауыл» партиясында кадрлық өзгерістер болды
Есірткіге қатысты жазалар өзгереді
Елімізде жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары мен курстары әзірленеді
Доллар 7 теңгеге арзандады
Қазіргі таңда еліміздің Қытай университтерімен жасаған 241 келісімі бар
Түркия командасында ойнайтын Абат Айымбетов үшінші ойын қатарынан мергендігімен көзге түсті
Қорғаныс министрі тағы бір қызметке тағайындалды
Танкист, парашютис, дзюдоист...
Алматылық балалар Президенттік шыршада жаңа жылдық сиқыр әлеміне енді
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан Президентін туған күнімен құттықтады
Конькимен жүгіруден Азия ойындарына қатысатын спортшылар анықталды
Ел өңірлерінде көлік сақтандыру полисі қымбаттайды
Алматы қалалық ландшафтты жаңартуда: қылқан жапырақты биік ағаштар отырғызылды
108 педагог «Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауының жүлдегері атанды
Мемлекет басшысы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады
Алматылық сарапшы Жаңа жыл қарсаңында тамақтан уланудан қалай сақтануға болатынын айтты
Талғардағы қайғылы оқиға: "боттар шабуылы" жалған болып шықты