Елордада көпқабатты үй тұрғындары ыстық сусыз отыр. Тіпті жылуды да ерте ажыратып тастапты. Үйдің іші суық, балалар ауырып, мазамыз кетіп жатыр дейді жұртшылық. Ал үйдің пайдалануға берілгеніне бір жыл да болмаған. Кем-кетігі көп баспанаға Дәрібек Бахытбек барып келді.Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Мына тұрғын үй былтыр ғана қолданысқа берілген. 100-ден аса отбасы тұрады. Бірақ берілгеніне бір жыл болмай бұл үйде мүмкіндік жоқ, жылу жоқ. Тіпті жылы су да жоқ. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жылуды өшіріп тастады, светті өшіріп тастайды қаласа. Не бет жуа алмайсың. Не душқа түсе алмайсын. И мен білетінім мына жерде колодецтер ашық тұр. Мына бала ойнайды қорқамыз. - Үйдің жыры мынау, салынған да жоқ. Біткен де жоқ. Ешкім жоқ, мынау біткен де жоқ. Кеше келді лифт істеп кетті. Лифт бірақ бізде күніне 10-15 рет тоқтап тұрады. Бүгін біз барғанда да жедел саты істемей тұрды. Ішінде кішкентай балалар мен анасы қалып қойған. Ләззат, ТҰРҒЫН: Неше рет қайталанды уже. 9 этажда тұрамыз біздер. Мына лифтке міну қорқынышты. Менің балаларым сабаққа барады, мен аңдып отырамын оларды лифт түсіп кетті ма әлде тоқтап қалды ма деп. Білмеймін келеді жөндейді қайтадан артынан бұзылып қалады. Шаршадық біздер уже. Бұл мәселелерден әбден мезі болған жұрт талай табалдырықты тоздырған. Бірақ мардымды жауап ала алмаған. Арызын арқалап құрылыс компаниясына да барды. Өзін компания өкілімін деген Сүйіндік есімді азамат су мен жылу мәселесінің бүгін шешілетінін айтты. Сүйіндік, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Бүгін қосады жылы суды, жанағы жылуды, бәрін қосады бүгін. Мен айтып кеттім, қайталап өтейін. Біздікілер айтып жатыр, начальник участок ауысқан дейді. Сол білмей барып өшіріп кеткен. Соны бізге хат жазып, сонда кетті заңсыз өшірілген деді. Оны естідік, лифт ауыстыруға бердік. Оны ауыстырады лифтті. Осылайша уәдені үйіп-төгіп ол кетті. Бірақ тұрғындар оған сенбейді. Соңы сұйырқұйымшақтанып кетпей ме деп алаңдайды.