Елордадағы қос бірдей көпқабатты үй құлайын деп тұр

Елордада 200-ден астам көпқабатты үй апатты жағдайда. Көбісі құлайын деп тұр. Әбден тозығы жеткені соншалық жөндеуге жарамайды дейді жауаптылар. Ал тұрғындар күн мен түнді үреймен өткізіп жатқандарын айтады. Тілшіміз Дәрібек Бахытбек қабырғасы қақырап, іргетасы сөгіліп тұрған екі көпқабатты үйге барып, жағдайды көріп келді. Дәрібек БАХЫТБЕК, ТІЛШІ: Мына менің артымда тұрған үй өте қорқынышты. Шынымды айтсам, ішіне кіруге жүрегім дауаламай тұр. Көргендеріңіздей, қабырғасы жарылып кеткен. Тіпті, төбесі ойылып, құлауға шақ тұр. Үйдің әбден тозығы жеткен. Кіре сала бірден шатырға шықтым. Кірпіштері езіліп, үгітіліп қалған. Амал жоқ, тұрғындар өздері ақша жинап, керекті заттарды сатып алып, жөндемекші болыпты. Бірақ, құрылысшылар басында келісім беріп, кейін тұра қашатын көрінеді. Медеу ОМАРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мына кірпіштерді кладщиктер шақырғанбыз әдейі специальный адамдарды. Олар кеше шықты, қарады да, мынаны айтты мынау крышаны істемейміз. Өйткені, любой жағдайда құлап кетуі мүмкін. Даже плитаның шетіндегі кірпіштерін қолмен ұстаса үгітіліп жатыр соның бәрі. Қазір енді білмейміз кім істейді мынаны? Мұнан кейін жертөлені көрдік. Оның іші қорқынышты. Шатырдан аққан жаңбыр суы жертөлеге жеткен. Алтыншаш БЕКЕТОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Бұл үйде тұру мүмкін емес. Біріншіден подвал сасиды. Уже ол деген болота болып кеткен. Бала дейміз, бала біздің болашағымыз дейміз. Бірақ қаншама бала болып, қаншама мүгедектер бар, қаншама пенсионерлер бар, қаншама жалғыз басты аналар бар. Ал балкондар құлайын деп тұр. Үйдің сырты түтін болғанымен, тұрғындар пәтерлерін жөндеп , лаждап өмір сүріп жатқандарын айтады. БЛИЦ-ОПРОС: - 10 жыл болды жертөле мен шатыр жөндеу көрмеді. Жауаптылар жалтарады. Төбеміз ойылып кете ме қорқамыз. - Бір күні біреу өледі шатыр опырылса. Ешкім назар аудармайды. Көмек қажет бізге. Жауапты мамандар бұл жайттан хабардар. Бірақ, бұл үйлер апатты емес дейді. Әнуар РАҚЫШ, ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ: 2022 жылы техникалық тексеру жасадық. Қортындысы бойынша жанағы апаттылық жағдайы 40 пайыз болды. Сонымен қатар ол апаттық тұрғын үйлердің қатарына жатпайды. Үйді апатты деп тану үшін кемінде 61 пайыз болу керек. Яғни, үйді күтіп ұстау бұл сол жердегі тұрғындардың, мүлік иелерінің міндеті болып табылады. Астанада 200-ден астам апатты үй бар. Оларды 2029 жылға дейін түгел бұзып, орнына заманауи талапқа сай баспаналар салу жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
«Дариға Назарбаеваны сағынып жүргендер бар». ҰҚК депутаттын сауалына берді
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді