Елордалық Бағдагүл Нарбаева 5 жылдан бері кран жүргізеді

Елімізде 4 жарым млн-ға жуық әйел жұмыс істейді. Оның 328 мыңы өнеркәсіп саласында еңбек етеді. Қазір жаны нәзік болғанымен, ауыр жұмыстан несібесін тауып жүрген бұрымдылар көп. Соның бірі - елордалық Бағдагүл Нарбаева. Он бес жылдан бері құрылыс саласында еңбек етіп жүрген жанмен тілшіміз тілдесті. Бағдагүл Оспанқызы 15 жылдан бері құрылыс саласында жұмыс істейді. Соңғы 5 жылда ол кранның тетігінде отырып, несібесін тауып жүр. Былтыр елордаға қоныс аударған Бағдагүл қазір қаладағы белді компанияның жұмысшысы. Ол көпқабатты тұрғын үйлердің блоктарын салуға атсалысады. Күніне 5 блокты көтеріп, түсіреді. Бағдагүл НАРБАЕВА, КРАН ЖҮРГІЗУШІСІ:Теміртау қаласында мен зауытта істегенде көбісі әйелдер, 80-90 процент әйелдер. Басында ауыр болғанда ойладым, әйелдердің қолынан келген, неге менің қолымнан келмейді деп ойладым. Енді ауыр жұмыс қой, денсаулық та кетеді. Жүйкең де тозады. Бірақ өзіме ұнайды. Енді зейнетке шыққанша істегім келеді өзім осы салада. Бағдагүл айналдырған алты айдың ішінде өз ісінің шебері екенін көрсетті, дейді әріптестері. Олар жұмыстың қиындығына қарамастан нәзікжандының өз жұмысына берілген маман екенін айтады. Жұмабек СЕЙДАЛЫҰЛЫ,  ӘРІПТЕСІ:Жарты жылдан астам бірге жұмыс жасап жатырмыз. Ол қыз өте салмақты, өз жұмысына адал. Өз жұмысын біледі. Біз команда береміз. Ол түсініп, өз жұмысын жасай береді. Кейіпкеріміз жұмысының жанға жайлы болуы анасы мен бауырларының қолдауының арқасында екенін айтады. Қазір ол өзінің сүйікті ісін алаңсыз атқарып жүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ақтауда «МАЭК» ЖШС қарасты су каналын тереңдету жұмыстары жүргізілуде
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
Вокзал маңынан көрген: Павлодар облысында ер адам жоғалып кетті
«Кейбір еркексымақтардан пайда жоқ»: Бір қап қантты 50 рет көтерген бойжеткен талқыға түсті (ВИДЕО)
«Қазақтарға түкіргенім бар» деген ресейлік әнші Алматыда концерт қоймақшы
Атырау облысында құжатсыз мал тасығандар жауапқа тартылып жатыр
Алматыда әскери-техникалық мектепте ант беру рәсімі өтті
Ұлттық қорғаныс университетінде Корея Республикасының Елшісі дәріс оқыды
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ анықталды
Петропавлда ер адам әйелін ұрып тастаған: полиция пікір білдірді
Павлодар облысындағы балабақшада балалар үш ай жарықсыз отырған
Алматыда қараусыз қалған бос жер жаяу жүргіншілер аймағына айналды
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Грузия ЕО-ға кіру туралы келіссөздерден бас тартты
Нидерланды Украинаға тағы үш Patriot зымыран тасығыштарын тапсырды
Румынияда президенттік сайлаудағы дауыстарды қайта санау басталды
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Жаңаөзенде төртінші қабаттан секірген ер адам жансақтау бөліміне түсті
Абайлаңыз! Жүргізушілер не үшін куәлігінен айырылуы мүмкін?
Астанада Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың жинақтары таныстырылды
2035 жылға дейін елордада 2 мың гектар жердегі ескі құрылыс сүріледі
Түркістан облысында жер қойнауын заңсыз пайдаланған топ ұсталды
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеруі мүмкін
«Әйеліме әлемді көрсетемін деп уәде бердім»: актер Жанатбек Бәйтеков отбасы туралы айтты