Елордалық дәрігерлер қатерлі ісіктің сирек кездесетін түріне шалдыққан науқасты емдеудің тың тәсілін тәжірибеге енгізді

Елордалық дәрігерлер қатерлі ісіктің сирек кездесетін түріне шалдыққан науқастың өмірін сақтап қалды. Күрделі операция жаңа тәсілмен жасалған. Толығырақ әріптесім Ақбота Базарбай тарқатады. Ішперде парақшасының псевдомиксомасы. Бекеева Майра бұндай дерттің бар екенін де білген жоқпын дейді. Алғаш естігенде сенбеген. Кейін бұл аурудан айығамын деген үміт мүлдем сөнді дейді. Себебі, дәрігерлер нақты диагнозын таппай дал болған. Майра БЕКЕЕВА, ЕМ АЛУШЫ: Алғашында дертті анықтау қиынға соқты. Кейін осы орталыққа келгеннен кейін білікті мамандар бірден зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нақты диагноз қойды. Шұғыл операция жасау керек болды. Мені бірден ауруханаға жатқызып, өте қиын операцияны сәтті жасады. Қазір жағдайым жақсы, мен екінші мәрте дүниеге келген бақытты адаммын. Аталған дерт әлемде сирек кездеседі, 200 мың адамның ішінде 1-еуде ғана болуы мүмкін. Дәрігерлер ішперде парақшасының псевдомиксомасың өзіне тән симптомдарның жоқ екенін айтады. Тек іш ісінеді. Ауырсыну сипаты соқырішекке ұқсас болғандықтан кейде дәрігерлер диагноз қоюда қателесіп, дертті кеш біліп жатады дейді. Алтай КЕРІМҚҰЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ОРДИНАТОРЫ:Пациенттердің көбісі онкологтарда болады бақылауда, болмаса хирургтардың бақылауында болады. 2016 жылға дейін бұл кісілермен біздің елімізде, былайша айтқанда, ешқандай мамандар айналыспаған. Пациенттер екі маманның арасында жүрген. Онколог пен хирургтың арасында. Көп жағдайда ісік адамның ішкі ағзаларына тарап, ота жасау қиынға соғады. Отандық дәрігерлер бұндай жағдайда жаңа тәсілмен қатерлі ісікті ағзадан алады. Бір сөзбен айтқанда операция уақытында химия-терапияны қатар қолданады. Бұл - тәсіл талай науқастың өмірін сақтап қалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Президент Қазақстанның Жапониядағы жаңа елшісін тағайындады
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Үкімет: Елде 25 мың жұмыс орны ашылады
Алматыда танымал дзюдошы Асхат Жіткеев сотталғандармен кездесті
Қазақ боксы өзбектен бір саты төмен тұр
Отандық дизайнер алматылық жастарға қолдау көрсетуде
Наурызбай ауданы қалай өзгеруде: аулаларды абаттандырудан бастап замануи жаяу жүргіншілер аймақтарына дейін
Өмірдің мәні неде?
Енді су үнемдейтін технологияларды пайдаланатын дихандар суармалы суға аз төлейді
Пластиктен сабын жасауға болады
Асату...
Теңгеден күш кетті...
Масктың байлығы 400 миллиард доллардан асты!
Алматыда «Экологиядағы инклюзия – Жаңа жылдық ғажайып» акциясы жалғасуда
Электрондық еңбек биржасында белсенділік төмендеген
Алматыда 12 желтоқсанда Абай даңғылы мен Сәтбаев көшесінде қозғалыс шектеледі
Қуысқа қыстырылып қалған тиін...
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды