Елордалық дәрігерлер науқастың миындағы күрделі ісікті алды

Елорда ауруханасының дәрігерлері нейронавигация қолдану арқылы мидағы ісікті алып тастады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елордалық филиалына сілтеме жасап.Астана қаласындағы №1 қалалық аурухана дәрігерлері нейронавигация, ультрадыбыс және Pantera микроскопын қолдана отырып, микрохирургиялық тәсілмен мидағы ісікті алды. Тарификаторға сәйкес, ота жасау науқасқа 1 400 000 теңгеден астам шығын әкелуі мүмкін еді. Алайда ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жасалды», - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ елорда филиалы. 1992 жылы туған пациент Астана қаласы әкімдігінің №1 көпбейінді қалалық ауруханасының неврология бөлімшесіне шұғыл қызмет желісі бойынша сіреспе ұстамасымен түсті. Бірқатар медициналық тексерулерден кейін перифокальды ісінуі бар сол жақ төбе-маңдай аймағының миішілік ісігі анықталды. Миішілік ісік – күрделі сырқат, өскін өсіп, жан-жағындағы тіндерді қысып, миды зақымдауы мүмкін, ал перифериялық ісіну бас ішінің қысымын жоғарылатады, оның зардабы организм үшін тіпті ауыр болады. Біз ота алды және ісікке қарсы дайындық жүргіздік. Кейін нейронавигация, ультрадыбыс және Pantera микроскопын қолдана отырып, микрохирургиялық тәсілмен мидағы ісікті алып тастадық. Тарификаторға сәйкес, ота жасау науқасқа 1 400 000 теңгеден астам шығын әкелуі мүмкін еді. Алайда ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде жасалды», - деп түсіндірді емдеуші дәрігерлер – нейрохирургия бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Ахметов пен нейрохирург-ординатор Еркін Дүйсенбаев. Келесі күні пациент бейінді нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Жүргізілген КТ бақылауда оң динамика байқалды, миішілік ісік толығымен алынған. Отадан кейін ұлымыз өзін жақсы сезінеді. Осындай күрделі де ерекше отаны дәрігерлер МӘМС жүйесінің арқасында тегін жасады. Көп рахмет! - деп пациенттің ата-анасы өз ризалықтарын білдірді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Баланы тұмаудан қалай қорғауға болады? Дәрігер кеңесі
Илон Масктың байлығы 400 млрд доллардан асты
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТУМАСЫ ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ ЕЛДІҢ МАҚТАНЫШЫ
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды