Елордалық емханаларда "Сүндет-2023" қайырымдылық акция өтіп жатыр. Игі шара аясында әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы мүмкіндігі шектеулі балалар тегін сүндеттелуде. Оны білікті хирургтар мен урологтар өткізеді. Акция аясында 50-ден астам бала қамтылды. Сондай-ақ бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Бұл медициналық қызмет жыл сайын ақысыз түрде жүзеге асырылады деЙді - ұйымдастырушылар. Ерлан ҚАНАЛИМОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ТӨРАҒАСЫ: Пандемия кезінде екі жыл қатарынан өткізілмеген. Ал, негізінде бұл іс-шара- жылда өтетін іс-шара. Біз жалпы бүкіл медициналық қызметке кеткен қаражаттарын шештік. Яғни, балаларға сыйлықтар бар. Және бір апталық олардың күтімі бар. Кішкене сүндетке отырғаннан кейін. Сондықтан да солардың мәселесін шешіп беріп отырмыз. Әсемгүл СМАҒҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Менің балам бірінші кіріп кетті. Бүгін осындай үлкен шара болып жатыр екен. Көп-көп рақмет! Демеушілерге рақмет! Менің- бұл екінші балам. Осындай акцияға қатысып отырғаны. Өте жеңіл өткен. Алла жазса. Бұл да жеңіл өтеді деп үміттенемін.