Елордалық еріктілер саябақтағы мұзды ойып, қар тазалады

Наурызнама онкүндігі басталғалы елордалық белсенді жастар жұртшылыққа қуаныш сыйлап, еңбек адамдарына көмек көрсетіп келеді. Жаңару күнінде Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қаладағы желілік саябақты қардан тазалады. Мұндай экоакциялар мерекеден кейін де жалғасын таппақ.Астанаға көктем кеш келетіндіктен, жаңару күнінен орай, ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылған жоқ. Алайда елордалық белсенді жастар саймандарын арқалап, саябақтардағы мұзды ойып, қарды күреуге кірісіп кетті. Ұлан НАУКЕНОВ, ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕР АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Акция негізі жыл бойы жалғасады. Бүгін жаңару күні болғандықтан, наурыз келгендіктен қар тазалау акциясын ұйымдастырып жатырмыз. +Одан кейін көшет отырғызу, ағаштар отырғызу, әртүрлі экоакциялар біздің тарихи, көне жерлерімізге барып Астана қаласының маңында бар ғой, сол жерлерде де өткізге болатынбыз. Тазалық секцияларын, ана жылы болған республикалық деңгейде. Сондай экоакциялар жалғаса беретін болады, әлі алда. Эко акцияға 50-ге жуық ерікті қатысты. Белсенді жастар бұл шара арқылы коммуналды шаруашылық жұмысшыларына өз көмегін тигізді. Эльвира ЕСМҰХАНОВА, «АСТАНА ЖАСТАРЫ» ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Наурыз жылдың басы. Бұл уақытта барлығы жаңарып, күн жылынып, адамдар қуанышқа бөленеді. Осы мереке қарсаңында біз түрлі акциялар ұйымдастырып жатырмыз. Қайырымдылық жасап, мың отбасыға арналған азық-түлік себетін жеткізуге көмек көрсеттік. Сондай-ақ көшедегі жұмысшыларға ыстық шай мен бауырсақ тараттық. Төрт жылдан бері белсенділік танытып, елорданың көркін арттыруға атсалысып жүрген ерікті Нұрсая Нұрғалиқызы мұндай шаралардан қалыс қалған емеспін, дейді. Нұрсая НҰРҒАЛИҚЫЗЫ, ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАР КОНГЕРСІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ, ЕРІКТІ: Наурызнамаға сай әр күніміз мерекеге толы болып жатыр. Осы экоакция біздің экологиялық білімімізді арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Осы қаланың тазаруына, қоғамға өз үлесімді қосқаныма қуаныштымын. Астаналық еріктілер жыл басынан бері 60 қарттың ауласын қардан тазартты. Сондай-ақ түрлі акциялар аясында 60 отбасыға азық-түлік жиынтығын жеткізді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында ата-аналар баласын тегін үйірмеге неге тіркей алмады
«Құны – 7 миллион теңге»: Ақбота-Нұр тағы елді аузына қаратты
Риддер қаласында жаңартылған хоккей қорабы ашылды – ШҚО
Ұлттық театр «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсына шақырады
Майдандағы жеңіс тылдағы ерен еңбекпен жақындады
ТЖМ жыл басынан бері газбен жабдықтау объектілеріне 40 тексеру жүргізілді
Қаламыздың болашағы инвесторлардың талабынан маңызды
Алматының Түрксіб ауданындағы бос жердің орнына жаңа заманауи жаяу жүргіншілер аймағы ашылды
Алматыда жастарға арналған тағы бір комьюнити-орталық ашылды
Ерболат Досаев 2025 жылғы қаңтарда №195 мектепке қосымша құрылысты аяқтауды тапсырды
Ұлттық банк байқау жариялады
TikTok 18 жасқа толмағандарға бет-әлпетін өзгерту сүзгілерін қолдануға тыйым салады
«Құжатым жоқ, мектепке бара алмаймын»: Желіде базарда жұмыс істеп жүрген 7 жасар баланың видеосы тарады
Қазақстан мен Ресей президенттері ҚазҰУ-дің Омбыдағы филиалын ресми түрде ашты
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Абай облысында пәтерде қамалып қалған бала құтқарылды
Жетісу облысында пробациялық бақылаудағы азамат кәсіп ашты
Қоқысты сұрыптау – қоршаған ортаны қорғаудың тиімді жолы
Мектеп оқушысының әкесі балалар арасындағы жанжалға араласқан: полиция іс қозғады
ТЖМ құтқарушылары Пионер шыңын бағындырды
Алматының Көлсай шағын ауданында алғаш рет ауыз су пайда болды
Алматылық оқушы жасанды интеллект арқылы тері ауруын анықтайтын ғылыми жоба ұсынды
Астанада балаларды шығармашылық үйірмелерге қабылдау ашылады
Алматының коммуналдық қызметінің қысқа дайындығы қандай