Елордалық құтқарушылар қаза болған әріптестерін еске алды

Елордалық құтқарушылар дәстүр бойынша қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін еске алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.17 ақпанда «Құтқарушылар» саябағында орнатылған мемориалға гүл шоқтары қойылып, құтқарушылар қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Осыдан 13 жыл бұрын, 2010 жылдың ақпан айында елордада бұрынғы бомбапана ғимараты өртенген болатын. Үш қызметкер сол өрттен оралмады. Алдымен, бір өрт сөндіруші жоғалып, оны іздеуге кеткен 2 қызметкер де қайтып келмеді. Валерий Михайлович Зайцев елордада қиын және ауыр өрттерге шыққан. Сол күні полковниктің оқиға орнын жіті қарап, мән-жайды анықтау және әріптесін құтқару үшін өртке өзі шыққан болатын. Саят Сапарбекұлы Абеевтың ерліктері қатарында ірі өрт оқиғалары, бірнеше құтқарылған өмір бар. Ол басқалардың өмірін өзінікінен жоғары қоятын. Өртте оның бүкіл ойы мен іс-қимылы адам өмірін құтқару және өртті жеңуге бағытталатын. Руслан Қожахметұлы Кәкішев өмірінің соңғы минутына дейін қызметтік міндеттерін орындауға адал болды. Өзінің өмірін қатерге тігіп, жеке құрамды қорғады. Соңғы уақытқа дейін жігерлік танытып, өртпен күресті. Құтқарушылар әріптесі Асқар Забикулинді еске алды. 2022 жылдың қараша айында елордада көп қабатты үйдің бірінде өрт болып, адамдарды құтқару кезінде өз өмірін қатерге тіккен өрт сөндіруші ерлікпен қаза тапты. Ол әрқашан өзінің ержүректілігімен, батылдығымен және өз ісіне деген сүйіспеншілігімен ерекшеленді. Жұмысқа зор құрметпен және жауапкершілікпен қарады, жоғары сынып маманы болды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жарайсың, бауырым»: Басы дауға қалған Черчесов қазақ тілінде «жазып кетті»
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Черчесов кетпейтін болды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды
Маңғыстауда төрт «Жайлы мектеп» пайдалануға дайын
Колледждер үшін қазақ тілінде 100 оқу құралы жазылады