Елордалықтардың 50% жолақысын төлемейді

Астанадағы қоғамдық көліктегі жолаушылардың жартысынан көбі жол ақысын төлемейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.Бұл туралы Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында №1 Автобус паркi АҚ Басқарма төрағасы Медет Шакаев айтты. БАҚ өкілдері Медет Шакаевке астаналықтар автобусты ұзақ күтетіндіктеріне шағымданатын жеткізді. Бұл жағдай автобустардың жоқтығынан емес, жолаушылар ағынын дұрыс өлшемегендіктен қалыптасып отыр. Бұл мәселе қалай шешілетіні жайлы сауал жолдады. Бізде нақты кестелер, нақты жоспарлар бар, барлық автобустар жолаушылар бар-жоғына және төлемақысына қарамастан желіге шығады. Біздің барлық автобустарда GPS орнатылған. Сол GPS аялдамадағы таблоларға қанша уақытта келетінін көрсетеді. Егер тоблолар істен шыққан кезде “Сити ЭС” деген компания бар, құрылғы істен шықса жөндейді. Бірақ бізде тағы бір мәселе бар. Астана қаласында кейбір жерде интернет желісі әлсіз ұстайды, ол мәселе бізде қарастылырылып жатыр, - дейді Медет Шакаев. Медет Шакаевтың айтуынша, жолаушылардың басым бөлігі жол ақысын төлемейді. Соңғы CTS деректері валидацияның ұлғаюы ең аз екенін көрсетті – яғни 51% құрады. Бұл жолаушылардың кем дегенде 51 пайызы жол ақысын төлемейді деген сөз. Ал бұл дегеніміз біздің шығынымыз, жалақымыз, уақытында сатып алған жанар-жағар майдың қосалқы бөлшектері жатады. Елорда тұрғындарына жол ақысын төлеп беруін өтінемін. 100 адам тасымалдайтын болсақ, 51 адам жол ақысын төлемейді, - деді Медет Шақаев. Медет Шақаев жол ақысы көтерілмейтінін де тілге тиек етті. Елордалық тасымалдаушылар әзірге жол ақысын көтеруді жоспарлап отырған жоқ. Бір ғана өтініш, жолаушылар төлемді ұмытпаса екен, - деді спикер.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Полиция мереке қарсаңында күшейтілген қызмет режиміне көшеді
Қаржылық сауат балабақшадан басталады
Сырты бүтін» кітабының тұсаукесері өтті
Ақтауда жасөспірімдер жағажайдағы қоршауды қиратқан
Екібастұзда құбыр жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды (ВИДЕО)
Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалды
Жыл басынан бері Астанаға миллионнан астам турист келді
Білім мен инновацияға негізделген экономика құру қажет
Астанада көшенің ортасында көлік өртке оранды
Алматыда демалыс күндерінің жәрмеңкелері модернизацияланды
85 млн теңге қарызы көлік жүргізушісі ұсталды
Үйде еркектің билігі әлсірегенде ене ұлын қызғанып, келінге күн көрсетпейді - Мұхамеджан Тазабек
«Мұндай нәрсені жауыма да тілемеймін»: бостандыққа шыққан актер жантебірентер жазба жариялады
Садраддин, Науатбек Ақмарал: Тағы кімдер «Дарын» жастар сыйлығының иегері атанды (ВИДЕО)
Жаһандану жағдайында білім беру бағдарламаларын жобалау
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Жаңа жыл қарсаңында Қарағанды облысында қылқан жапырақты ағаштарды қорғау күшейтілді
Бас бапкер Азия чемпионаты туралы: Екі салмақ дәрежесіндегі нәтижемен келіспейміз
Көлікті дұрыс қыздыру маңызды
Қабырғасы пластик фольгамен қапталған: есірткі өсірген қызылордалық 12 жылға сотталды
Әлем бойынша Whatsapp, Facebook және Instagram желілері істен шықты