Елорданың іргесіндегі ауылда ауыз су жоқ

Елорданың іргесіндегі Ыбырай Алтынсарин ауылының азаматтары Өркениеттен аулақта қалғандарына наразы. Тұрғындар су, жол, жарық және газ мәселесі әлі күнге толық шешімін таппай келеді дейді. Бюджеттен бөлінетін қаржы аз емес, алайда істің көбі аяғына жетпеген. “Бос уәдеден мезі болдық” деген тұрғындар біздің арнамызға шағымданды. Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ыбырайдың есіміндегі ауыл тұрғындары инфрақұрылымдық ағартудың машақатын толық көре алмай отыр. 2021 жылы су тазарту құралдарын қалыпқа келтіруге бюджеттен 404 млн теңге бөлінсе де, халық "суды ішкен адам түгіл, техниканың өзі бүлініп қалады" дейді. Сөйте тұра ай сайын ауыз суға ақша төлеп, алайда таза суды қаладан әкелуге мәжбүр.Ольга ВАСИЛЬЧИКОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Осы жылдың наурыз айында “Астана су арнасынан” мамандарды өзіміз шақыртып, сараптама жасаттық. Нәтижесіне қарасаңыздар судың жалпы кермектілігі нормадан 3 жарым есеге асып кетті. Сонымен қатар судағы сульфат, хлорид, натрий мен марганецтің деңгейі де тым жоғары. Бұл денсаулық үшін өте зиян. Тұрғындардың сөзінше, осы көктемде кей көшеге жол толық салынуы керек болған. Бірақ жолдың рахатын емес, қар суының азабын тарттық дейді. Соның салдарынан жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері керек жерге жете алмайды. Нұржан АРҒЫНБАЕВ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Одан кейін газ тартты. Газ тартқан кезде үйге жақын қойған. Трактор кіріп-шығып, қар алуға мүмкіндік болмады. Соныменен бізді су басты. Мына көше тола су басты. Кісілер қар шығара алмаған соң оларлың да дворын су басты, погреві толды, дворы толды. Өкіметтен ешқандай көмек болған жоқ. Сондай-ақ таяуда ойын алаңдары салынған. Бірақ, сапасы сын көтермейді. Басы басталып, аяқсыз тұр. Түйінін таппаған мәселе бұл ғана емес. Ауылда жарық жоқ, үй іргесіндегі газ есіктен кірмеген, тіпті тұрғындар қоқысты жинап, шығарып қойсақ, айлап жатады дейді. Талғат РЫСБАЙҰЛЫ, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ:Бәрі жартылай-жартылай жұмыс. Осының бәрін акиматтан сұрасақ акимат жауап бере алмайды. Бізді тек ертең-ертең деп жылдың соңына қалдыра береді. Талапкер ауылдық округіндегілер "қаражат нақты мақсатқа жұмсалды, енді істі аяғына жеткізу үшін бөлінетін бюджетті күтіп отырмыз" дейді. Себебі су тасқынына байланысты бюджет қысқарған. Ғомар НАҚЫПОВ, ТАЛАПКЕР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:Биыл облыстық бюджеттен 50 млн теңге бөлінді. Мердігер шыққаннан кейін осы бір айдың ішінде тазарту құрылғыларының бүкіл жүйесін жүргізеді. Сомен бұл мәселе шешіледі деп ойлап отырмыз. Екі кезеңге бөлінеді ғой жол құрылыстары. Бірінші кезеңде бүкілін бітіру мүмкін емес. Бітіре алмайды да оны. Биыл бізде Республикалық бюджеттен 152 млн жоспарланып отыр. Жаз мезгілінде ауыл көше жолдарын жарықтандыру мәселесі шешіледі. Ел болам десең бесігіңді түзе демей ме... Ал ауыл - алтын бесік. Осы тұста ауыл тұрғындары бас қаланың дәл сол иығында отырған соң жарық, су, жол болса деген арманымыз орындалмай қалмаса екен дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстандықтар Сириядағы соғыстық қимылдарына қатысқаны үшін сотталды
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Маңғыстауда ҚАЖД-да Халықаралық ынтымақтастық күні аталып өтті
Қазақстандық поездарда интернет 2025 жылы басталады
Күн күрт суытады
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Ешкім сатып алған жоқ – экс-әкімнен тәркіленген мейрамхананың тағдыры не болмақ?
Қарағанды облысында автобус өртеніп кетті
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы көз жұмды
Ақтаудағы кәсіпорында жұмысшы қаза тапты
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Қарағандыда автобус өртенді
Қуаныш Сүлейменов Абай облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
Қазақстандық ауыр атлет рекорд орнатып Азия чемпионы атанды
ТЖМ құтқарушысы Alash Pride лигасының чемпионы атанды
Астана тұрғыны танысынан кек аламын деп басы дауға қалды
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
МАЭК-те жұмысшы қаза тапты
Алматыда ескі жылу құбыры жарылды