Емшілер жыланнан сорпа, тасбақадан дәрі жасап жүр

Жылан уынан сорпа, тасбақа етінен дәрі жасайды. Қазақ емшілері жан-жануарларды түгендеп, сан ауруға ем іздеп жүр. Тарихта шөптен шипа іздеп, дала кезіп дәрі жасаған тәуіптер бар екенін білеміз. Алайда осындай қорқынышты тәсілмен аурудан жазамын дегендерге сенім бар ма? Аружан Задабек зерттеп көрді. Аружан ЗАДАБЕК, ТІЛШІ: Алло, сәлеметсіз бе! Мен жыланға келіп тұр едім. Алып шығасыз ба? Таңертеңнен бері жылан іздеп жүрмін. Неге дейсіз ғой? Қазір жыланның уымен де адамды дерттен айықтыруға болады екен. Адам болған соң бас ауырып, балтыр сыздамай тұрмайды. Осындай жан қиналған кезде әркім әрқалай емделеді. Бірі мен секілді емші жағаласа, енді бірі дәрігерге барады.Шымкентте емшіліктің ерекше әдісін қолға алып, төсек тартып қалған талай жанның дертіне шипа тауып берген емші бар дейді жұрт. Ол желі қолданушыларына жыланның басын кесіп, уын алған видеосы арқылы танылды. Тәуіп суық жануардың етінен жасалған сорпа мың ауруға ем болады, дейді. Жыланның дертке ем екенін 66 жастағы Астана қаласының тұрғыны Маржан Шаймерденова да құптап отыр. Оның жүрегі жиі ауырыпты. Тіпті, бірнеше рет жүрек талмасы ұстаған. Ақ жаулықты ана жаны қиналғаннан кейін медицинамен қатар, халық еміне де жүгінген. Оған емші жыланның майы қосылған дәрі істеп беріпті. Маржан ШАЙМЕРДЕНОВА, АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Пайдасы тиді, жақсы болды. мен өзім инсульт алдым да, содан жатып қалғанмын, тұра алмай. Сосын әлгіні ішкеннен кейін, міне, қазір жүрмін. Ауру айтып келмейді. Тұрғындардың біразы дерт мазалаған сәтте бірінші дәрігерге барамыз десе, енді бірі емшіге емделгенді жөн көреді. БЛИЦ: - Халық еміне жүгінуге болады негізі. Мысалы, жер ұшықтау деген бар. Мысалы, балаға тіл-көз тиген кезде дәрігерге емделе алмайсыз ғой. Ол бар негізінде. Мен сенемін. - Кез-келген әркімге жүгіне беруген болмайды ғой. Біреулер сынған аяқтарын салдырады сондайларға. Талайын көріп, естіп жүрміз ғой. Аяқтарын ақыр сонында кесіп тастаған. Ал, өзін «халық емшісімін» деп таныстырған Омарбек Балтабаев қазір тәуіпке жүгінетіндер көбейгенін айтты. Бірақ медицина мен емшіліктің аражігін ажыратып алған жөн, дейді. Омарбек БАЛТАБАЕВ, ЕМШІ: Емшілерге қаралатын пенделер өте көбейіп кетті. Медицинадан ем таппай, емшілерді жағалап кеткен пенделер көп. Сол себепті қазірде 50/50, емшіге де, медицинаға да қаралады. Сондықтан айтарым, емшінің ем саласы, аурулары, емші емдейтін сала - ол бөлек, медицинаның саласы бөлек. Қазір кім көп, емші көп. Қайсысы дерт жазатынын, қайсысы дертіңе дерт қосатынын білмейсің. Сондықтан, мәдениеттанушы Абылайхан Қалназаров ауру емдеймін дегендерді бақылауға алу керек – дейді. Айтуынша, 90-жылдары белсенділер халық медицинасын жүйелеп, ақ-қарасын ажыртау қажет деген бастама көтерген. Алайда, неге екені белгісіз, тоқтап қалды. Абылайхан ҚАЛНАЗАРОВ, МӘДЕНИЕТТАНУШЫ: Мемлекет бір реттеу, жүйелеу, оны бір құқықтық немесе бір сапалық шеңберге келтіру керек. Мысалы, сертификат беру ма немесе бір тізімге алу ма деген секілді. Өйткені бұл адам өмірімен, адам денсаулығымен байланысты нәрсе. Жеңіл қарауға болмайды. Мүмкін сол ем-домнан кейін бір адамдар қайтыс болып кетіп жатқан шығар. Оны ешкім білмейді. Сондықтан бәрібір реттеу, бақылау, қадағалау болу керек деп ойлаймын. Қазақта «тәуіптің жақсысы – ауруға ауру жамамағаны» деген сөз бар. Сондықтан, емшілерден пайда бар ма, жоқ па – оны таразылау әркімнің өз еркінде ғана. А. Задабек

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қонаевта мұз үстінде сырғанап жүрген екі бала құтқарылды
“Жаныма қатты батты“. Баян Мақсатқызы Бишімбаев ісіне қатысты жаңа жобаның құпиясын ашты
Түркістан облысында ауыл жұрты қасқырдан қорқып, көшеге шыға алмай отыр
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау облысына іс-сапармен барды
Сізді күннен күнге бақытсыз ететін 3 әдет
Дәрігер ауыз қуысынан көрінетін қант диабетінің белгісі туралы айтты
23 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Қарағандыда қалың қардан жүк көлігі жолдың шетіне шығып кеткен
«Осылай бірге жүріңдерші»: жұрт Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімоваға бақыт тіледі
Атырауда 62 ерлі-зайыпты ажырасуға арыз беріп, кейін татуласып кеткен
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Қостанайда қар құрсауында қалған балықшылар құтқарылды
«Мені өлді деп ойлаған»: Жұлдызай Дүйсенбиева басынан өткен жағдай туралы айтты
Шымкенттік дәрігер республикада үздік атанды
Қазақстанның үш каратэшісі әлем үздіктерінің қатарына енді
Тұман, бұрқасын, жел: Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Азамат Дәулетбеков өзбек балуанын жеңіп, халықаралық турнирдің чемпионы атанды
Атырауда шаруалар облыс әкімдігі ғимаратының алдында тентіреп жүр
"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?