«Ең ауыр жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың жалақысы төмен», - депутат

Оқу-ағарту саласындағы ең ауыр жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың айлық жалақысы төмен. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Жұлдыз Сүлейменова еңбек адамдарының жалақысын көтеру жайлы ұсыныс айтты.«AMANAT партиясы фракциясының депутаттық сауалы мектептердің, ауруханалардың еден жуушы, плотник, сантехник, көше тазалаушы, электрик секілді қарапайым еңбек адамдарының еңбекақысын арттыру және әлеуметтік кепілдемелерін қарастыру туралы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек» деген сөздерінен еңбек адамының заңды құқықтарын қорғау, әлеуметтік қолдау, өмір сапасын жақсарту арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалыптастыру міндеттері айқындалады», - деді Жұлдыз Сүлейменова. Депутат атағандай, жыл сайын Үкімет тарапынан азаматтық қызметшілердің жалақысында біліктілік санаттарына қолданылатын коэффициенттерді арттыру қарастырылып, жалақылары өсіп келеді. «Өкініштісі сол, мекемелердің қызметін еден жуушы, аула тазалаушы, сантехник, плотник, электрик секілді қарапайым еңбек адамдарының күнделікті ауыр жұмыстарынсыз жүзеге асыру мүмкін емес болса да бүгінде осы аталған жұмысшылар азаматтық қызметшілер реестірінде жоқ. Сондықтан, Үкімет тарапынан азаматтық қызметшінің айлығын арттырғанда, осы еңбегі ауыр жұмысшылардың мүддесі ескерілмей келеді. Әсіресе, денсаулық сақтау, оқу-ағарту саласындағы ең ауыр жұмыстарды атқаратын жұмысшылардың айлық жалақысы төмен. Мысалы, мектептердегі еден жуушы – 82 856 теңге, электрик 81 575 теңге, аула сыпырушы – 79 317 теңге. Бүгінгі таңда, тек орта білім саласында 216 мыңнан астам осы санаттағы жұмысшылар бар, олардың 254 мыңы қолына тиетін айлық жалақысы 74 мың теңгеден 85 мың теңге аралығында», - дейді депутат. Оның айтуынша, білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріндегі орта және кіші буын мамандары мен қызметшілердің еңбекақысын кемінде екі есеге көтеру қажет. «Атқаратын жұмысының күрделілігіне және ауырлығына әрі ерекшелігіне қарай лайықты жалақы тағайындалуы тиіс деп есептейміз. Себебі, жалақы әлеуметтік жағдайды, күнкөріс деңгейін, денсаулығына және балаларын өсіп-жетілдіруге жеткілікті болуы шарт. Әлеуметтік әділдік заманында жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысы артуы қажет», - деді ол. Депутаттың айтуынша, «АMANAT» партиясының фракциясы қарапайым еңбек адамдарына санатындағы жұмысшыларға лайықты жалақы төлеудің шын мәнінде әділ әрі бірыңғай жүйесін құру жөнінде ведомствааралық жұмыс тобы құрылуы кезек күттірмейтін мәселе деп білеміз. Депутат келесі ұсыныстарды енгізді: Оқу-ағарту министрлігі 2016 жылдың 29 қаңтардағы № 123 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі бұйрығымен бекітілген Білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін қайта қарап, еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың осы тізілімге енгізілуін қарастырсын; Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық экономика министрлігімен бірлесе отырып, республикалық бюджетті нақтылау кезеңінде аталған жұмысшылардың базалық лауазымдық жалақысын инфляцияға және жұмыстардың күрделілігіне сәйкес ұлғайтуды қарастырсын; Оқу-ағарту министрлігі Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың еңбек демалысына төленетін төлем мөлшеріне сауықтыру жәрдемақысы қосу мүмкіндігін қарастырып, республикалық бюджеттен шығындарын есептесін.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Екі аяқ тізеден жоғары кесілген: Түркістан облысында пойыз ер адамды басып кетті
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды
Бірнеше пәтер, қымбат көліктер: Перизат Қайраттың қымбат әшекейлері тәркіленді (ВИДЕО)
АУДАН АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛЫП КЕЛЕДІ
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты: Қазақстанның қарсыластары анықталды
"Реал" шабуылшысы Килиан Мбаппе жарақат алды
Мас күйде рульге отырған 47 жүргізуші жазадан құтылмады
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Ақтөбе облысында 500 тұрғын үй салынды- қорытынды жаңалықтарда (13.12.2024)
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
"Тіл – тәуелсіздік тұғыры": елордада мерекелік іс-шара өтті
Астанада қала ішіндегі мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Теміртауда 6 жастағы бала суға кетіп, көз жұмды
Алимент төлеуден жалтару деректері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды
Алматы - арман қала: шаһарға келген туристерді не қызықтырады
Алматы метросында қаза тапқан жігіт жайлы деректер пайда болды